22.04.2020, 06:15

Елімізде карантин тәртібін бұзып, сақшыға шабуылдау фактілері жиілеп кетті

фото: inform.kz
Лада Гранта көлігінің 51 жастағы иесі автокөліктен шығып, өзгелерінің алыста тұрғанын пайдаланып, 24 жастағы әскери сарбазды соққыға жыққан.

Алматы облысында көлік жүргізушісі карантиндік аумақта тәртіпті қадағалап жүрген әскери қызметшіге жұдырық жұмсаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент мәліметінше, екі әскери сарбаз өздеріне бекітілген Қарасай ауданының Райымбек ауылында тәртіпті қадағалап жүрген.

«Патруль талабы бойынша тоқтаған Лада Гранта көлігінің 51 жастағы иесі автокөліктен шығып, өзгелерінің алыста тұрғанын пайдаланып, 24 жастағы әскери сарбазды соққыға жыққан. Жергілікті тұрғын оқиға орнынан із суытқан. Қазіргі уақытта күдікті азамат ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Қарасай АПБ тергеу бөлімінің тергеушісі Айдын Сейітов.

Тағы оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан тұрғыны ережеге бағынып, үйіне баруын өтінген тәртіп сақшысының құлағын тістеп алды (ВИДЕО)

Елордалық тұрғын полицейді баспен бір-ақ ұрған (ВИДЕО)

«Бетімен кеткен адамдар»: тәртіпке бағынбаған тағы біреулер полициямен жағаласып жүр (ВИДЕО)

Погоны жұлынып, қолтығы жыртылған: алматылық полицей тұрғындармен жағаласып жүр (ВИДЕО)

Жетісай қаласының мас тұрғыны 3 тәртіп сақшысын қағып кетті

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны, яғни 2004 жылы денсаулыққа қасақана жеңіл жарақат салғаны үшін сотталғаны анықталды.