$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде 164 мыңнан астам адам 42500 теңге жәрдемақыны кері қайтарған

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры заңсыз алынған төлемдерді қайтаруды талап етуге құқылы екен.
фото: aqparat.info
фото: aqparat.info

164 мыңнан астам қазақстандық азамат 42,5 мың теңге жәрдемақыны кері қайтарды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарушы директоры Мұрат Жұманбай Sputnik Қазақстанның Instagram парақшасындағы онлайн-брифинг барысында мәлімдеді деп хабарлайды caravan.kz.

«Кейбіреулер алған жәрдемақыларын түрлі себептермен қайтарады. Бұл жәрдемақыны алуға құқығы жоқ адамдарға байланысты болар. Мен жәрдемақыны кері қайтарғандардың нақты санын айта аламын: 164 730 қазақстандық өздеріне берілген жәрдемақыны өз еріктерімен қайтарып берді», - деді Мұрат Жұманбай.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 4 054 417 азаматқа 42500 теңге жәрдемақы бөлгенін де айта кетті ол.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай кезінде 42 500 төлемді заңсыз алған адамдардың қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын айтқан болатын.

Сонда да мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры заңсыз алынған төлемдерді қайтаруды талап етуге құқылы екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Жәрдемақы #42500