$ 444.14  477.05  4.85

Ақтөбеде учаскелік полицей бір отбасының пәтерақысын төлеп берді

«Пәтер иесі «күте алмаймын, шық» деп адам жіберді, учаскелік полиция шақырды. Полиция қызметкері Бахтияр Жақыпов жағдайымды түсініп, пәтерақысын өз қалтасынан төлеп берді» деп жазды қала тұрғыны.
фото: aikyn.kz
фото: aikyn.kz

Ақтөбеде полиция қызметкері Бахтияр Жақыпов карантин кезінде қаржылық қиындыққа тап болған отбасыға көмектесті. Жас ана өз алғысын әлеуметтік желі арқылы білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Чекалин көшесінде пәтер жалдап тұрамын. Пәтерақысын төлей алмай, 8 күнге кешіктірдік. Өзімнің 2 жастағы және 4 айлық балам бар. Жолдасым карантин кезінде жұмыссыз қалып, 42500 теңгеге өтініш берді. Ақшаның аударылуын күттік.

Ал пәтер иесі «күте алмаймын, шық» деп адам жіберді, учаскелік полиция шақырды. Полиция қызметкері Бахтияр Жақыпов жағдайымды түсініп, пәтерақысын өз қалтасынан төлеп берді. 40 мың теңге төледі. Бес минутта артық сөзсіз, айқай-шусыз үлкен көмек көрсетті. Алғысымыз шексіз» деп жазды қала тұрғыны.

Бақтияр Жақыпов 10 жылдан бері құқық қорғау саласында еңбек етеді. Өз ісін ерлікке баламайды, сұхбат беруге де қарсы.

«Бақтияр Жақыпов Рамазан айында қайырымды іс жасауды жөн көрген. Оның бұл ісі замандастарына үлгі деп есептейміз. Әрі жан-жаққа жариялап, ашық айтуды жөн көрмеді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары