$ 444.22  476.38  4.82

42 500: «Өтінішім үш күнде қарастырылып, ақшасы карточкама түсті» - алматылық тұрғын

Дильназ осы уақытқа дейін қаладағы қонақ үйлердің бірінде қызмет етіп келген.

Төтенше жағдай жарияланған соң, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең төменгі жалақы көлемінде жәрдемақы төленеді деп хабарлады. Осы орайда үш баланың анасы 35 жастағы Дильназ Баситова уақытша жұмыссыз қалған. Осыдан кейін ол 42 500 теңге әлеуметтік жәрдемақыға өтініш берген, - деп хабарлайды Sn.kz.

Дильназ осы уақытқа дейін қаладағы қонақ үйлердің бірінде қызмет етіп келген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең төменгі жалақы көлемінде жәрдемақы төленеді деген хабарын естігенде, қатты қуанған.

«42 500 теңге ең төменгі жалақы мемлекет тарапынан беріліп жатыр. Соған өтініш жібергенмін. Сол өтініш 3 күн қарастырылып, ақшасын алдым, карточкама түсті. Сол ақшаға керек азық-түлік алып жатырмыз. Мемлекетке рақмет, қалалық әкімдікке рақмет, халықтың жағдайын ойлағанына көп-көп рақмет», – деді қала тұрғыны Дильназ Баситова.

Елімізде карантин режимі жарияланғалы бері алматылықтардың басым бөлігі, оның ішінде сауда-саттық саласындағы азаматтардың жұмысы тоқтап қалғаны белгілі. Жұмысы уақытша тоқтаған сатушының бірі Бауыржан Чалов. Базарлар жабылған соң, әлеуметтік көмекке өтініш берген.

«Ер адамға жұмыссыз қалған қиын. Үйіңе табыс кіргізе алмасаң, өзіңнен өзің қысылып жүреді екенсің. Бойдақ болсам да, қартайған анамды асырап отыр едім базармен. Табыстан уақытша айырылған соң, әлеуметтік көмекке өтініш бердім. Өтінішім 3 күн қаралып, төртінші күні шотыма 42 500 теңге түсті. Сол кездегі менен бұрын анамның қуанғаны ерек болды. Бұл біз сияқты қарапайым халық үшін өте үлкен көмек болды. Осындай жағдайда жалғыз қалдырмаған мемлекетімізге рақметімізді айтамыз», - дейді Бауыржан Чалов.

Айта кетейік, Еңбек министрлігі 42 500 теңге мөлшеріндегі жәрдемақыны төтенше жағдай режимі кезінде екінші рет алу мүмкіндігі туралы хабарлады. Қазақстандықтар 42 500 теңге жәрдемақыны екінші рет ала алады, өйткені төтенше жағдай режимі ұзартылды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Нариман Мұқышев мәлімдеген болатын.

«Біз 42 500 теңге табысынан айырылған қазақстандықтарға ай сайын беріледі деп айтқан едік. Әрине, төтенше жағдай ұзартылғаннан кейін азаматтар бұл төлемді екінші рет алады», - деді Мұқышев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары