Әлеумет 03.05.2020 сағат 20:00

«Халыққа жан-жақты көмек көрсетеміз» - Өмірзақ Шөкеев

«Қауіп төніп тұрған елді мекендерді тасқын судан қорғау мақсатында бөгет жасау жұмыстарын жүргізу қажет», - дейді облыс әкімі.
«Халыққа жан-жақты көмек көрсетеміз» - Өмірзақ Шөкеев
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мақтаралдағы ағын суды ауыздықтау үшін күндіз-түні ауданда жүрген Өмірзақ Шөкеев Төтенше жағдай жөніндегі кезекті штаб отырысын өткізді. Өңір басшысы халыққа жан-жақты көмек беріп, тұрғындарға үлкен қолдау көрсету керектігін атап өтті. Ол халыққа көрсетілетін көмектің үлкен ауқымда болатынын айтып, тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Атап айтқанда, ең алдымен эвакуациялық пункттерге орналасқан халыққа әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу үшін олардың мал саны, жылжымайтын мүлік, жеке бас құжаттарының мәліметтерін жинақтауды тапсырды.

Екіншіден, апаттан зардап шеккен тұрғындарды азық-түлік, қажетті заттармен қамтамасыз етуге кәсіпкерлер мен қоғамдық қорларды тартуды ұсынды.

Үшіншіден, тұрғын үйлерге келтірілген залалдың мөлшерін есептеуді жүктеді.

Төртіншіден, кәсіпкерлік нысандарға келген залал мөлшерін анықтауды міндеттеді.

Бесіншіден, зақым келген автомобиль жолдары мен тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым объектілеріне келтірілген зиянның мөлшерін есептеуді қолға алу қажеттігіне тоқталды.

«Алтыншыдан, ауыл шаруашылығы алқаптары мен үй жануарларына келтірілген зиянның мөлшерін есептеп, жетінші тапсырма ретінде қауіп төніп тұрған елді мекендерді тасқын судан қорғау мақсатында бөгет жасау жұмыстарын жүргізу қажет», - деді Өмірзақ Естайұлы.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар