$ 494.87  520.65  4.91

Мақтарал ауданына жеткен Роман Скляр апаттан зардап шеккен халықпен қазақша сөйлесті (ВИДЕО)

Комиссия арнайы техника әкелген Өзбекстан мемлекетінің өкілдерімен де кездесті. Су астында қалған ауылдарды тазалауға көрші елден көмекке келген 50-ге жуық техника жұмылдырылды.

Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдың Мақтарал ауданына барғаны мәлім. Ол су астында қалған ауыл тұрғындарымен кездесіп, оларға президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жеткізді, деп хабарлайды, Skifnews.kz ақпарат порталы, Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Президенттің тапсырмасы бойынша 685 үй саламыз. Автожолдар, инженерлік коммуникациялар саламыз. Бәрі жақсы болады. Максимум үш-төрт ай», - деп уәде берді, тұрғындардың алдында сөйлеген вице-премьер.

Еске сала кетсек, Роман Скляр басқаратын комиссия арнайы техника әкелген Өзбекстан мемлекетінің өкілдерімен де кездесті. Су астында қалған ауылдарды тазалауға көрші елден көмекке келген 50-ге жуық техника жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары