$ 494.87  520.65  4.91

Карантин кезінде ауылдардың өзінде ажырасушылар көбейген

Ажырасуға басты себептердің бірі – отбасылық зорлық-зомбылық дерегі Ақтөбеде екі есе артқан.
фото: qasym.kz
фото: qasym.kz

Ауылда да некелесетіндер азайып, ажырасатындардың саны артқан. Биыл 41 мың неке қиылса, оның 16 мыңға жуығы ажырасып тынған. 2018 жылмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 15 пайызға жоғары, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Ал қалада ажырасу бойынша 44 мың дерек тіркелген. Жылдық өсім – 7,2 пайыз. Жалпы, ел аумағында 3 айда 139 мың неке қиылған. Оның басым бөлігі Алматы қаласы мен Алматы облысына тиесілі. Үштікті Түркістан облысы қорытындылайды.

Ажырасу көрсеткіші бойынша да Алматы қаласы мен облысы көш бастап тұр. Олардың қатарын Қарағанды облысы қорытындылайды.

«Астана» телеарнасының хабарлауынша, ажырасуға басты себептердің бірі –отбасылық зорлық-зомбылық дерегі Ақтөбеде екі есе артқан. Тіпті, бір келіншекті күйеуі 7 баласымен үйден қуып шықса, келесі бір азамат келіншегінің басын жарып, аяғын сындырған. Қазір өңірдегі дағдарыс орталығында өз отбасында қорлық көрген 36 адам жатыр. Орталықтағылар қосымша бөлімдер ашуға мәжбүр болған.

«Көбіне әйелді сабаған, аяғын сындырған, қол жұмсап, басын жарғандар болды. Арасында, тіпті, өз баласын ұрғандар бар. Карантин уақытында көбейіп кетті. Екі есеге көбейді», - дейді «Малика» дағдарыс орталығының әлеуметтік қызметкері Гүлсана Балғабаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары