Әлеумет 10.05.2020 сағат 23:45

«Мына маскадағы жігіт салып жіберді»: қару-жарақпен ұсталған кәсіпкер полицейлерді кіналауда (ВИДЕО)

«Асылбектің пара беруден «сыбайлас болмаймын» деп бас тартқаны үшін нақақтан-нақақ оған жала жабылып отыр», - дейді Ардақ Байғабыл.
«Мына маскадағы жігіт салып жіберді»: қару-жарақпен ұсталған кәсіпкер полицейлерді кіналауда (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Журналист Ардақ Байғабыл facebook парақшасына өзінің досы, кәсіпкер Асылбек Әукеновтен полицейлердің пара дәметкенін жазды. Айтуынша, егістікте жүрген арнайы жасақ қызметкерлері сұраған ақшаларын беруден бас тартқан азаматтың көлігіне қару салып жіберіп, оны «заңсыз қару тасымалымен айналысқан күдікті» ретінде ұстаған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Менің жақын досым Асылбек Әукенов бауырыма жала жабылуда!!! Ағайын, барынша бөліссеңіздер, өтініш!!! Рамазан айында осындай сұмдық. Бұл жағдай Жаркент ауданы Көктал ауылында орын алып отыр. Бұл таза беспредел, астағфиролла. Тапа-тал түсте егіндікте жүргенде көлікте отырған Асылбек, оның үлкен ұлы Абылай мен малшы Шалқарды арнайы жасақ құрықтап, дөрекі түрде жала жауып, көлігіне қару-жарақ салып жіберген.

Куәгерлер болғанына қарамастан, Асылбекті құрықтап алып кетті. Бәріне кінәлі подтосовка жасаған (Начальник отдела криминальной полиции Панфиловского РОП по Алматинской области) Кусембаев Асхат дейді, Асылбек досым. Кусембаев Асхат Асылбектен 10 мың доллар көлемінде пара сұраған екен.

Айғақ ретінде біздің тарапта полиция қызметкерінің пара сұрағаны жайында бүкіл аудио мен смс жазбалары бар. Осы себептен, Асылбектің пара беруден «сыбайлас болмаймын» деп бас тартқаны үшін нақақтан-нақақ оған жала жабылып отыр. Неткен сұмдық!!!

Сонда полиция қызметкеріне жала жабуда көмектеспегені үшін өзіне жала жабылып отыр. Асылбек досым – өте әділ, ауылына жаңадан спорткомплекс салған, ауыл жанашыры, ел азаматы, кәсіпкер бауырым. 4 баласы бар, әйелінің аяғы ауыр. Жүкті болып тұрса да полиция жұлқылап мезі қылды. Ата-анасы бейшара халде қалып отыр», - деп ашынуда Ардақ Байғабыл.

Енді өзі досы үшін сол мәселеленің соңына дейін бармақшы. «Кінәлі, парақор, ызақор адамдар табылып, жазалануын сұраймын, талап етемін биліктен», - деген ол, жазбасына президентті, «Нұр Отан» партиясын, Алматы облысының прокуратурасын, Ішкі істер министрлігін белгілеп қойды.

Жазбаға пікір білдірген Орынбасар Райханов есімді азамат та: «Асылбек – өте қарапайым, жақсы жігіт. Одан ондай қару шығуы мүмкін емес. Қасиетті Рамазан айында оған қастандық жасағандар екі дүниеде оңбас. Алла жеңілдік берсін!» - деп отыр.

Ал видеода «айыпты» деп танылған жігіт өзіне қару-жарақты арнайы жасақтың бір жігіті әдейі салып жібергенін соның көзінше айтып тұр. «Мына маскадағы жігіт салып жіберді. Бетін ашып қара!» - дегені сол-ақ екен, жүкті жары мен тағы бір әйел айқайға басып, сарбаздың бетпердесіне жармаса бастады. Алайда, полиция қызметкері қаруды кәсіпкердің көлігіне өзінің салмағанын айтып ақталуда. Мәселенің мән-жайы толығырақ видеода атап көрсетілген.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар