$ 494.87  520.65  4.91

«Індетке жаппай оқшаулану арқылы тойтарыс берілді» – Нұртөре Жүсіп

4,5 миллионнан астам адамға 42500 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

 Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимі аяқталғанын хабарлады.  Осыған байланысты Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп өз ойымен бөлісті, деп жазады Baq.kz.

Бұл – ел-жұрт үшін үлкен сынақ болғаны рас. Дер кезінде қабылданған шаралар тиімді болды. Індетке жаппай оқшаулану арқылы тойтарыс берілді, – дейді сенатор.

Сонымен қатар, Нұртөре Жүсіп мемлекет ешкімді қамқорлықсыз қалдырмайтынына көзі жеткенін айтты.

"Президентіміз барлық шараны жасап жатыр. Сол кісінің тапсырмасы бойынша дағдарысқа қарсы шаралардың екі топтамасы жүзеге асырылып, 4,5 миллионнан астам адамға 42500 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. 1 миллионнан астам азаматқа азық-түлік пен тұрмыстық заттар үлестірілді", – деді ол.

Сенатор төтенше жағдай аяқталды деп бойды босқа салуға болмайтынын ескертті.

"Індет толығымен жойылмағанын ескеру қажет. Қауіптің беті әлі толық сейілмеген сияқты. Мемлекет басшысы "Індеттің екінші кезеңі басталып кетуі мүмкін. Сондықтан, өзіміздің аман-саулығымызға, ең алдымен, өзіміз жауапты болуымыз керек. Індет қайта өршіген жағдайда Үкімет нақты шұғыл іс-қимыл жоспарын дайындайды" деп мәлімдеді. Сондықтан ауа жайылмай, тәртіп пен сақтық шараларын сақтау өте маңызды", – деді Сенат депутаты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары