Бүгін City Transportation Systems (бұрынғы Astana LRT) баспасөз хатшысы Оксана Лоскутова facebook парақшасына астаналық қауіпсіздік шаралары сақталмаса, қоғамдық көлік қозғалысы қайта тоқтатылуы мүмкін екендігін ескертті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Егер тұрғындар санитарлық нормаларды сақтамаса, қоғамдық көлік тоқтатылуы мүмкін», - деген ол, жолаушыларға бетперде тағу міндетті екенін мәлімдеді. Себебі, елімізде әлі коронавирус індетін жұқтыру қаупі жойылмаған.
«Өкінішке қарай, тұрғындардың бәрі жауапкершілік танытып отырған жоқ. 27 наурыз-16 сәуір аралығында №1 автобус паркі карантинге жабылды. Өйткені, бір жүргізуші коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған. Егер жағдай қайталанса, қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылуы мүмкін», - деді Оксана Лоскутова, өзі жариялаған видеода.