$ 494.87  520.65  4.91

Бүгіннен бастап Қызылорда базарларының жұмысы жанданады

Дегенмен, қызмет барысында санитарлық-дезинфекциялық шаралары қатаң сақталып, жұмыс барысы шектеулі уақытқа ғана рұқсат етіледі.
фото: kyzylorda-news.kz
фото: kyzylorda-news.kz

Қызылорда облысында 18 мамырдан бастап азық-түлік емес тауарлар сататын дүкендер мен базарлардың жұмыс істеуіне рұқсат етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Қызылорда облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.

«Эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, кезең-кезеңімен салалар мен мекемелерді жұмысқа қосудамыз. Дегенмен, қызмет барысында санитарлық-дезинфекциялық шаралары қатаң сақталып, жұмыс барысы шектеулі уақытқа ғана рұқсат етіледі.

Төртінші кезеңге, яғни 18 мамырдан бастап қосымша нысандар қосылды. Олар – ломбардтар, азық-түлік емес тауарлар сататын дүкендер, базарлар, қоғамдық тамақтану орындары, қонақ үйлер. Сонымен қатар, туристік, әуе, теміржол кассалары, діни құлшылық жасау орындары да іске қосылады», - деді Әлия Әбдіқайымова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары