$ 494.87  520.65  4.91

«Бұл кісінің крышасы кеткен бе?»: Түсіпбаева ел азаматы қайтыс болғанда «хайп қуған» кәсіпкерге ашулы

Арзан хайп, сәтсіз пранк, санасыздық!
фото: 365info.kz, zanmedia.kz
фото: 365info.kz, zanmedia.kz

Қоғамдық резонанс туғызған мәселе жайлы үнсіз қалғанды жаратпайтын белгілі әнші Меруерт Түсіпбаеваға Ахметбек Нұрсиланың елді елең еткізген әрекетіне наразы секілді. Мәселен, ол facebook парақшасында ел азаматынан айырылып жатқанда, хайп қуған кәсіпкерді сынап жазба жариялады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Естеріңізде болса, Ахметбек Нұрсиланың құзырлы органдардың қызметкерлері ұстап әкеткен сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралған кезде, журналист Бейсен Құранбек қайтыс болған еді.

"Кеше желі тек бір қазақтың баласын жоқтады! Иманды болсын. Барша қазақ қайғы жұтып, асылынан айрылып отырғанда, мына пенденің, мына қалжыңын қалай түсінеміз? Не айтуға болады? Дәл кешегі күні, әзілдеу дұрыс па?! Әбден хайпажер болып, ақ-қараны ажырата алмай қалған ба? Әлде ауырама екен? Клоун ба? Қазақтар қайда кетіп барамыз", - деп жазды әнші парақшасында.

Айтпақшы, әншінің бұл пікірін оқырмандары да қолдай жөнелді. Мысалы, желі белсенділері: "Арзан хайп, сәтсіз пранк, санасыздық! Сөзім жоқ!", "Соны айтсаңызшы, бұл кісінің крышасы кеткен бе?", "Ағамыз қуды. Басқа қосатыным жоқ. Уақытша қателігі шығар. Дұрысталар",  "Аспаннан жұлдыз ұстап алған болар...", - десті.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары