$ 494.87  520.65  4.91

«Сендерсіз елде тәртіп сақталмайды»: түркістандық ақын полицейлердің «астына көпшік қойды»

Полицияны халыққа жаман жағынан көрсеткісі келгендерге тойтарыс болсын!
фото: sputniknews.kz
фото: sputniknews.kz

Түркістан облысының тұрғыны, ақын Сейтқұл Жұмановтың ыстық ықыласы жазылған өлең шумақтарын халқы үшін қызмет етіп жүрген полицейлерге арнады, деп хабарлайды Polisia.kz.

 Бұл өлең шумақтары мен жылы лебізін тұрғын Полиция департаментінің ресми парақшасына жариялаған. 

"Қазіргі кездегі бүкіл әлемде болып жатқан коронавирус індетімен күресу басты міндет болып тұр. Соның ішінде полиция еңбегін өз басым қатты бағалаймын. Мен ақын ретінде жаңа жазған өлеңімді сіздерге алғаш жолдап отырмын. Полицияны халыққа жаман жағынан көрсеткісі келгендерге тойтарыс болсын! Осы өлеңмен сіздерге шын мотивация бергім келді. Жұмыстарыңызға Алла береке мен табыс берсін!", – делінген.

Қиын да қауіпті салада еңбек еткендіктен, полицейлер барлық нәрсеге дайын болуы қажет. Бүгінде елімізде мына бір індет тарап, тұрғындарды әбігерге салды. Осы тұста тәртіп сақшылары күні-түні күшейтілген режимде жұмыс жасап жүр. 

Алдағы уақытта да полицейлер, қазақ елі үшін талмай еңбек етіп, халық тыныштығын сақтауда алғы шепте тұрмақ. Осы орайда, дүние жүзін дүрліктірген коронавирус індетінің елімізде таралмауына тәулік бойы қызмет атқарып жүрген полицейлерге арналған ақын Сейтқұл Жұмановтың өлең шумақтарын назарларыңызға ұсынамыз!

Аяғыңнан сезбестен сыз өткенін, 
Алдыңда тұрсадағы жүз өткелің.
Полиция сендерге мың рахмет! 
Еліміз тыныштығын күзеткенің.

Тәртіп сақтап күн-түні көз ілмеген, 
Барлығына қарайтын төзімменен. 
Күндегі жасап жатқан ерліктерің, 
Былайша жай адамға сезілмеген.

Елім деп! Ұрандайды! Аттандайды!
Ерлігін айтпайды да, мақтанбайды. 
Полиция еңбегі еселі ғой! 
Сендерсіз елде тәртіп сақталмайды.
 
Бүкіл әлем күресіп, вируспенен, 
Тоқтап тұр ары-бері жүріс деген.
Өз өмірін қатерге тігіп жүрген, 
Полиция еңбегін, дұрыс көрем.

Сен халықтың айбыны, айдарысың!
Сол үшін де қарапайым, жайдарысың.
Тыныштықтың күзетші, сақшылары, 
Полиция елімнің айбарысың. 

Жүрсіңдер тәртіп сақтап, ел деп керім! 
Тыныштықтың бесігін тербеткенің.
Полиция сендерге мың рақмет! 
Жана берсін жасаған еңбектерің! 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары