$ 494.87  520.65  4.91

«Ұрып жібереміз»: журналист мегаполистегі жезөкшелердің қанша ақша табатынын анықтады

Олар арнайы сайтқа жарнамасын беріп қойып, клиенттерімен онлайн түрде байланысады екен.
фото: lenta. inform.kz
фото: lenta. inform.kz

Елордада секс-индустрия күннен-күнге қарқынды дамып келеді. Тән саудасы жайлы журналистік зерттеу жасаған белгілі журналист Данияр Есен, мегаполистегі жезөкшелердің қанша ақша табатынын анықтап көрді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, "Рейтинг.кz" ютуб каналына сілтеме жасап хабарлайды.

"Бұрындары астаналық жезөкшелер көшеде "Көктем", "Дәулет" дүкендерінің алдында, Темір жол вокзалының жанында тұрса, қазір интернет дамыған заманда олардың қарасы көшеде азайған", - деді бағдарлама жүргізушісі.

Сондай-ақ ол, Темір жол вокзалынан шамалы алысырақ жерде пәтерді жалға беретін адамдарды көргенін айтып, "жеңгетайлықпен айналысатындарды" сөзге тартты. Тіпті олардың ішінде біреуі түсірілім тобының камерасын байқап қалып, "камераңыз болса, ұрып жібереміз" деп сес көрсеткен.

Айтпақшы, Данияр Есеннің айтуынша, қазір жезөкшелікпен айналысатындар бұрынғыдай көшеде тұрмайды. Олар арнайы сайтқа жарнамасын беріп қойып, клиенттерімен онлайн түрде байланысады екен.

Журналист жезөкшелікпен айналысатындардың номеріне хабарласып, қызметі үшін қанша ақша алатынын сұрады. Мәселен, телефон арқылы өзін Әсем деп  таныстырған қыз сағатына 13 мың теңге алатынын айтты. Ал Айым есімді  қыз болса, қызметін 25 мың теңге деп бағаласа, саунаға келетін қыз  бастапқыда қызметақысын 30-35 теңге деп айтып алып, кейіннен жеңілдікпен 25 мың теңгеге келісті.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары