Бүгіннен бастап Қазақстанда жолаушылар пойыздары қатынай бастады. Көліктің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабылов Қазақстан Республикасындағы пойыздардағы санитарлық жағдайға қанағаттанбаған адамдарға телефон нөмірін қалдырды, деп хабарлайды Today.kz.
Карантиннің енгізілуіне байланысты, пойыздарға қойылатын талаптар күшейтілді. Олардың санитарлық жағдайы жақсы, кондиционерлері тазартылған болуы керек. Ал ескі көліктерде желдету жақсы жұмыс істейді.
«Біз кондиционер желілерін тексеруді, станцияларда да, пойыздарда да сүзгіні ауыстыруды талап етеміз. Егер кондиционер жүйесі қамтамасыз етілмесе, желдету жүйесіне баса назар аударылады. Тасымалдаушыларға тазалау жұмыстарын жүргізуге, дезинфекциялауға қажетті уақыт берілген.
Пойыздарда антисанитариялық жағдайлар кездескен болса, сіздер департаментке хабарласыңыздар немесе оны жазып алып, маған WhatsApp-қа жіберіңіздер. Менің телефон нөмірім: 8 778 012 70 00», - деді Байғабылов онлайн-брифингте.
Әр факт бойынша жеке сараптау жүргізіліп, шара қабылданатын болады.