$ 494.87  520.65  4.91

Жетім өскен азамат 18 баланы асырап алған

Жетесовтер әулетіндегі 21 баланың сегізі ұл, 13-і қыз.
Фото: отбасы мұрағатынан
Фото: отбасы мұрағатынан

Ақтөбеде 21 баланың ата-анасы атанып отырған ерлі-зайыпты Өмірхан Жетесов пен Алмагүл Ешпанова тұрады. Дүниеге үш перзент әкелген ерлі-зайыптылар соңғы он жылда балалар үйінен 18 баланы асырап алған деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат парталы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Жетесовтер әулетіндегі 21 баланың сегізі ұл, 13-і қыз. Отбасының қанатына алған балалардың алды 25 жаста. Үлкен қызы тұрмысқа шыққан. Үйдің отағасы Өмірхан Жетесовтің айтуынша, адам бала асырап алу үшін сол баланың жағдайын түсіне алуы керек.

"Әйтпесе, кейбіреулерге бұл жай көрген түспен тең. Жетімдікті көрмеген адам жетім баланы жақсы көре алмайды. Баланың жүрегінде не жатқанын түсіну қиын. Бала мен итті өтірік жақсы көру мүмкін емес. Олар шынайы қамқорлыққа ғана иланады", - дейді көпбалалы әке.

Отағасының өзі 7 жасынан жетім өскен. Ықылас пен мейірімге, ананың ыстық алақанына зәру болып, соған шөлдеп өскенін айтады.

"Біреу менің басымнан сипаса екен, құшақтаса екен деп тұратын едім. Кезінде өзіме қат болған мейірімді осы балаларға беріп жатырмын. 20 жасқа толып кеткен баламды да құшақтап, иіскеймін. Байқағаным, әкелердің көбі 7-8 жастан асқан өз​ баласын да құшақтап иіскемейді екен. Есейіп қалған балаға жекіген сайын сенен алыстай береді.

Бала үшін әкенің иісі бөлек. Құшақтауды шаруа көрмеу керек. Балаға әкенің мейірімін сезініп, қабағының түйілгенін көру де тәрбие. Мен ұлдарыммен күресіп ойнаймын. Олармен доспын. Балаларымның 18-ін де өнерге баулыдым. Өнерсіз бала болмайды.​ Оның 10 пайызы талант, 90 пайызы еңбекпен келді. Сазсырнай, қобыз, шаңқобыз, домбыра, баян, жетіген, шертер, шіңкілдек секілді аспаптардың құлағында ойнайды", - дейді Өмірхан Жетесов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары