$ 494.87  520.65  4.91

«Үкіметтен ЛГБТ адамдарын саяси қуғын-сүргін құрбандары ретінде ресми түрде тануды ТАЛАП ЕТЕМІН!» - белсенді

Егер сіз осы талаптармен келіссеңіз, Change.org сайтындағы (Қазақстанда VPN арқылы қолжетімді) петицияға қол қойыңыз!
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қазақстандық ЛГБТ белсенділері саяси репрессия кезінде гомосексуалдарды да қудалауға ұшырағанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Олардың айтуынша, Кеңес үкіметі кезінде гейлер мен лесбияндарды қудалау Сталин қайтыс болғаннан кейін де, репрессияны жеңілдеткеннен кейін де, тіпті 90-жылдары тәуелсіз Қазақстанда да жалғасып келеді. Белсенділер Үкіметке петиция жазып, осы тұрғыда шара қабылдауын талап етіп жатыр.

Skifnews.kz ақпарат порталының редакциясы ЛГБТ белсенділерінің үндеуін аударып, негізгілерін жариялайды.

«Мен ЛГБТ белсенділерін саяси қуғын-сүргін құрбандары ретінде ақтауды талап етемін! 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күні қазақ елі ашаршылық құрбандарын, депортацияланған халықты, диссиденттерді,тіпті Кеңес Одағының кезінде қысым көргендерді ғана еске алады. Алайда Гулаг лагерлеріне қамауға алынған біржынысты адамдарды «қызтеке» бабы арқылы қудалағанын ескерусіз қалдырды. "Қызтеке" бабы саяси тағылған айып екеніне шүбәм жоқ.

Бап туралы

«Профессор Дэн Хейли 1933 жылы НКВД бастығы Генрих Ягода Сталинге «гомосексуалдық тұтқындаулар жүріп жатыр» деген хат жолдады, бірақ бізде осыған қатысты бап жоқтығын анықтадық. Біздің ойымша, олар тұзақ ойластырып жатқан сияқты». Осыдан соң гейлер топ-топ болып жинала бастады, бұндай әрекетті кеңес үкіметі күтпеді. 1934 жылы Қылмыстық кодексте «қызтеке» туралы бап ойлап тапты. Осы сәтте құрылған 154-бап сотталушыларға қатыгездікпен қарауға жақсы себеп болды, өйткені кеңестік лагерь жүйесінде қуғын-сүргін құрбандарын "халық жауы" ретінде таныған», - деп жазады Хейли.

Тағы оқи отырыңыз:

«Қуат Хамитов, сіз - қорқақсыз!»: ЛГБТ белсендісі ММА күрескеріне ашық хат жазды

ЛГБТ қауымдастығы Роза Рымбаева өздерінің «гей-иконасы» екендігін айтты

Қазақ тілінде «қызтеке, еркекшора» деген сөздердің бар болуы «гомосексуалдықты» меңзейді - ЛГБТ белсендісі

Өкінішке орай, КСРО ыдырағаннан кейін 30 жыл өтсе де, МҚБД/МҚК мұрағаты әлі де жабық, сол себепті ЛГБТ мүшелерінің нешеуі қуадалауға ұшырағанын санау мүмкін емес. Ал ресми статистикаға сәйкес, 60 жыл ішінде кеңестік қылмыстық баптар бойынша 60 мыңнан 250 мыңға дейін адам сотталған.

Қазақ КСР-де және Қазақстанда ЛГБТ құрбандарын ақтайтын күн әлі алда!

1. Мен Үкіметтен ЛГБТ адамдарын саяси қуғын-сүргін құрбандары ретінде ресми түрде тануды ТАЛАП ЕТЕМІН! 1993 жылғы 14 сәуірдегі № 2144-XII «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңға өзгеріс енгізілуі керек, соған сәйкес 1-бап мынадай мазмұнда жазылсын: 

«Осы Заңда саяси қуғын-сүргiндер ретiнде мемлекеттiк органдар немесе олардың өкiлi болып табылатын лауазымды адамдары саяси себептер бойынша күзетпен қамауға алуды және психиатриялық мекемелерде күштеп емдеудi қоса алғанда өмiрiн жою немесе бас бостандығынан айыру, елден қуып жiберу және азаматтығынан айыру, өмiр сүрген жерлерiнен немесе мекендi аудандарынан аластау (айдау немесе жер аудару), арнайы қоныс аударуға жiберу, бостандығын шектей отырып ықтиярсыз еңбекке тарту түрiнде (соның iшiнде "еңбек армияларында", "iшкi iстер халық комиссариатының жұмысшы колонналарында" деп аталатындарға) жүзеге асырылатын көндiру шаралары, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн нақақтан айыптаумен, не саяси сенiмдерiнiң белгiлерiне, таптық, әлеуметтiк, ұлттық, дiни немесе басқа тегiне қарап, сонымен қатар ЖЫНЫСТЫҚ БАҒДАРЫ МЕН ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ сот, соттан тыс не әкiмшiлiк тәртiбiнде әлеуметтiк қауiптi адамдар ретiнде қудалаумен ұштасқан басқа да құқықтары мен бостандығынан айыру немесе шектеу танылады»;

2. 1998 жылы енгізілген «қызтеке» бабы бойынша сотталғандардың барлығын сауықтыру мақсатында құқықтарын қалпына келтіріп, моральдық немесе материалдық залалдарды өтейтін арнайы мемлекеттік комиссияның құрылуын ТАЛАП ЕТЕМІН;

3. Психиатриялық және басқа медициналық емдеуге мәжбүрлі түрде жатқызылған жыныстық бағдары мен гендерлік ерекшелігіне байланысты адамдардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, моральдық немесе материалдық зиянды өтейтін арнайы мемлекеттік комиссияның құрылуын ТАЛАП ЕТЕМІН!;

4. Мемлекет басшысы 1991 жылдан 1998 жылдар аралығында тәуелсіз Қазақстанда өмір сүре тұрып, қылмыстық қудалауға ұшыраған ЛГБТ мүшелерінен кешірім сұрауын ТАЛАП ЕТЕМІН!

Егер сіз осы талаптармен келіссеңіз, Change.org сайтындағы (Қазақстанда VPN арқылы қолжетімді) петицияға қол қойыңыз! Тарихи және моральдық әділеттілік қалпына келуі керек.

Құрметпен, Kok.team редакторы Анатолий Черноусов (мәтінін жазған Данияр Сабитов).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары