Әлеумет 07.06.2020 сағат 14:47

Қысқа белдемшелі қыз түскен ролик министр Балаеваны да бей-жай қалдырмады

Министр контент толтыруда мұқият болу керегін және мемлекеттің басты мүдделерін ұмытпау қажет екенін айтады.
Қысқа белдемшелі қыз түскен ролик министр Балаеваны да бей-жай қалдырмады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балава әлеуметтік роликтерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазақстан зайырлы мемлекет және Конституция елдің барлық азаматына бірдей құқық берген және олардың ар-намысын құрметтеуге кепіл берген. Бұған әлеуметтік желілерде біреудің ар-намысына тиетін видеоларды мысал келтіруге болады", - дейді Балаева.

Министр контент толтыруда мұқият болу керегін және мемлекеттің басты мүдделерін ұмытпау қажет екенін айтады.

"Әкімдік жанында арнайы жұмыс тобы құрылуы керек деп ойлаймын, олар роликтерді БАҚ-тар мен әлеуметтік желілерде тарату алдында зерттеу жүргізуі керек болады", - деді министр.

Еске салайық, мұның алдында желіде қысқа белдемше киген қыздың видеосы тарап, қолданушылар арасында дау туған еді. Көбі қандай киім киіп, қалай жүру керегін әр адам өзі білетінін айтса, басқа біреулер видео авторын сынға алып жатыр. Кейінірек Шымкент жастар рерурсы орталығының мамандарды видеоға пікір білдірген еді.

Айта кетейік, бұл видео қазір YouTube хостингінен өшіріп тасталды. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар