$ 494.87  520.65  4.91

«Шымкент Жастар орталығы сәләфиттер ордасына айналған ба?» - Айгүл Орынбек

«Алты рет неке қиған, бірінен талақ алып, екіншісімен неке қидырып, бір-біріне сыйланып, жабық киініп жүрген қыздардың жезөкшеден несі артық?».

Бүгін Шымкент Жастар орталығының тапсырысымен түсірілген қысқа белдемшелі қызға қатысты даулы видеороликке қатысты белгілі заңгер Айгүл Орынбек те үн қатты, деп жазады Skifnews.kz

«Иман шүберекте емес, жүректе! Нәпсіңе ие бола алмасаң, сені ешқандай шүберек тоқтата алмайды! Қызды скотчтап қойсаң да зорлық жасағысы келген еркек жасайды! Қазақстанда талақ құрбандары өте көп! Алты рет неке қиған, бірінен талақ алып, екіншісімен неке қидырып, бір-біріне сыйланып, жабық киініп жүрген қыздардың жезөкшеден несі артық? Тек киімінде ме?», - деп кейістік танытты ол.

Айтуынша, қолына қару ұстаған адам адам өлтіре алмауы мүмкін. Ал қолына қару ұстамай-ақ адам өлтіретіндер бар. Сол сияқты, қымтанып алып, иманды болып көрініп, «жүз жігітті суғарып жүргендер» де жеткілікті.

«Ашық киініп, арына ие болып жүрген қыздар да бар!», - деген заңгер: «Мәселе киімде емес. Шымкент Жастар орталығы сәләфиттер ордасына айналған ба? Астыртын кімдердің идеологиясын жүргізіп отыр? Қалайша бұндай роликтің шығуына жол берген? Жастарға не тәрбие беріп жатсыңдар?» - деп сқрақты төтесінен қойды.

Сондай-ақ, ол ертең кез келген «миы уланған жас» көшеден көлікке қызды отырғызып алып, осылай қорқытып-үркітіп, ұрып-соғуы мүмкін деп алаңдайды. Сөйткен жағдайда, оған кім жауап береді деп алаңдап отыр.

«Мұхамеджан Тазабектің өңірлерді аралап, жастарға лекция оқығанынан қорқып едім. Міне, нәтижесін беріп жатыр! Шымкент қаласының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, мына видеороликтің таралуына қалайша жол бердіңіздер?» - деді құзырлы органдардың «бейқамдығына» ашынған Айгүл Орынбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары