Мемлекет тұрмысы төмен отбасы балаларына берілетін кепілдендірілген әлеуметтік пакетке кіретін заттардың тізімін анықтады деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Еңбек ресурстарынын дамыту орталығына (iac.enbek.kz) сілтеме жасап.
Кепілдендірілген әлеуметтік көмек – бір жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларға берілетін көмек.
Ол 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға әр ай сайын азық-түлік жиынтығы ретінде , ал тоқсан сайын тұрмыстық химия тауарларының есебінде беріледі .
Жиынтық құрамы үкіметтің 2019 жылғы 30 желтоқсанындағы қаулысымен бекітілген және осы жастағы балалардың физиологиялық ерекшеліктерін , тағамдық және энергетикалық құндылығын ескере отырып жасалды.
Әлеуметтік пакеттің құрамына кальций мен басқа да микроэлементтер, анемия, рахит және дисбактериоздың алдын-алуға арналған пробиотиктеры бар әртүрлі өнімдер енген .
Сонымен, орта білім беру ұйымдарында оқитын 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакетке:
1) мектеп формасы немесе спорттық киім, мектеп құралдары жиынтығы;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес оқу жылы кезеңінде оқу орнында (оқу күндері) күнделікті бір рет ыстық тамақ;
3) қоғамдық көлікте (таксиден басқа) билеттің толық құнының 50 пайызынан кем емес мөлшерде жеңілдікпен жол жүруі кірген.