$ 494.87  520.65  4.91

Сағынтаев Алматыда жұмысқа орналасудың жүйесі туралы айтты (ВИДЕО)

27 мың азаматтың 13,5 мыңы жұмыспен қамтылды.
фото: knews.kg
фото: knews.kg

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполисте жұмысқа тұру жүйесі туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әкімнің сөзінше, осы уақытқа дейін жұмыс іздегендердің біршамасы тұрақты жұмысқа орналасқан. Оған қоса, 56 мыңдай жұмыс орны құрылады деген жоспар бар. 

«Жұмыс іздеген қала тұрғындары қалалық жұмыспен қамту орталығына жүгінеді. «Екі қолға бір күрек іздеген» 27 мың азаматтың 13,5 мыңы жұмыспен қамтылды. Олардың ішінде күзет компаниясына жұмысқа тұрған Дина Ерекешова бар.

Біздегі «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасында үш бағыт бар: қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі. Биыл сол арқылы 56 мың адамға жұмыс беру жоспарда бар. Соның ішінде 26 мыңы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша жүзеге асырылады», - деп жазды Б. Сағынтаев instagram парақшасында. 

Қала әкімі әлеуметтік желіге жүктеген видеороликке көзжүгіртсек, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Дина Ерекешова есімді қала тұрғыны жұмыс тапқан. 

«Ұзақ уақыт бойы жұмыс табал алмай жүрдім. Кейін жұмыспен қамту орталығына жүгінуді жөн көрдім. Ол жерде бізге Жедел күзет компаниясына баруды ұсынды. Онда әңгімелескен соң, сол жерге жұмыста тұрдым. Қазір қызметім әкімшілік деңгейіне дейін өсті. Қазір расында да жұмысқа орналасу қиын. Сондықтан осындай мемлекеттік бағдарламалар өте қажет", - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары