Қарағанды тұрғындары науқасты аурухананың сыртына лақтырып тастағанына шағымданды, - деп хабарлайды КТК арнасы.
Телеарнаның мәліметінше, оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Оларға сенсек, Ерубаев көшесіндегі аурухана жанында ер адамды өзге біреулер лақтырып тастап кеткен. «Ауруханада жігіттер бір адамды сыртқа алып шығып, лақтырып тастады - ал оның баратын жері жоқ», - дейді куәгерлер.
Ер адамның аты-жөні белгісіз: тұрғындар оның есімін сұраған кезде ер адам жауап бермеген. Оқиға облыстық клиникалық аурухана маңында болған.
Бұл жағдайға қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасында түсініктеме берді. Басқарма мамандарының айтуынша, Облыстық клиникалық ауруханаға науқастарды қолдау және ішкі бақылау қызметі бойынша тексеріс жүргізілген. Талдау нәтижесінде ер адамның мас күйінде болғаны, құжаттары жоқ және нақты тұратын жері анықталмаған. Ауруханаға жатқызу белгілері болмаған.