Белгілі қоғам белсендісі Жәнібек Иманмәзір facebook парақшасына әлдебір өзбек жігіттің қамырды аяғымен илеп тұрған видеосын жариялады. Ал осы әрекетті таспаға тартқан қасындағы жігіт жырқылдап күліп тұр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Дүкен, базардан өзбек, тәжік, қарақалпақтардың жасаған лепешкісін жеген кезде еске түсіретін нәрсе екен. Қазақтардың дүкеніне оптом лепешкіні қазақтар жеткізгенімен, жасаушы жұмысшылары – қарақалпақ, өзбек тәжіктер. Келімсектердің ешқайсысына сенім жоқ. Аяқтары шуаш, грибок болады. Бұлар тек лепешкі ғана емес, самса, донердің нанын да жасайды. Келімсектікін жеген қазақты төмен әрі тексіз санаймын» деп жазды ашынған қоғам белсендісі.
Бұл видеоны 32 мың адам көріп, 444 желі қолданушы өз парақшалары мен топтарға бөліскен. Одан бөлек, жүздеген пікір қалдырушылар нанды дүкен, базарлардан сатып алмай, әркім өз үйінде пісіргені жөн екенін айтып жатыр. Әрине, оның ішінде қамырды табанға таптаған кесапаттарды қарғап-сілеп, боқтап-балағаттап жатқандар көп.