$ 498.34  519.72  4.85

«Елордадағы отшашу жоқтау айтып жатқан елдің ең соңғы үмітін де өртеп жіберді» - Қазыбек Иса

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II 94 жасқа толған туған күніне отшашудан бас тартып, шағын топпен қарапайым атап өтті... Америка да тәуелсіздік мерекесін тойлаған жоқ!
фото: malim.kz
фото: malim.kz

«Астана күніндегі отшашуды қала тұрғындарының көңілін көтеріп, бір сәт болса да дәрігерлердің жанына медет болсын деген оймен ұйымдастырдық» деп әкімдік қызметкерлері қанша жерден шыж-пыж болғанымен жұрттың көңіліне түскен дақ әзір кете қоятын түрі жоқ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желі бетінде әлі сол жұрттың өкпе назы басылар емес. «Ұлыбритания патшайымы Елизавета II 94 жасқа толған туған күніне отшашудан бас тартып, шағын топпен қарапайым атап өтті...
Америка да тәуелсіздік мерекесін тойлаған жоқ! 
Парасатты патшайым!
Осы ел осындай патшаларды қайдан алады екен?!.

Біз ел жоқтау айтып жатқанда елорда күніне отшашу жасадық!
Ел қырылып, Әлемге пандемия оқ шашып жатқанда, от шашып тойлайтындай астанамыз қай планетаның қаласы?!.»,- деп белгілі журналист Қазыбек Иса ла өз ренішін білдірген. 

Қазыбек Исаның айтуынша, дәл мұндай қиын сәтте биліктің өрескел тірлікке баруы өте ұятты болып отыр. «Егемен Қазақстанның» жарты беті, «Қазақ әдебиеті» газетінің екі беті елге танымал зиялылардың қазанамасына толып кетті... Аз уақытта аты белгілі қаншама адам көз жұмып жатса, сонда қарапайым халықтың ішінде не болып жатыр? Бір ауылда бір күнде үш-төрт жаназа болып жатқаны жан шошытады. Бір отбасынан екі-үш адам, тіпті төрт адамға дейін қауіпті тажал тырнағына ілінгендері де кездесуде. Ауруханалар болса лық толы, ауруларды қабылдамайды. Дәріханалар адам ауруын саудаға салып, бағаларын аспандатып жіберді...

«Нью-Йорк таймс» газеті әлемде жан санына шаққанда індеттен ең көп адам ауырудан Қазақстан алға шыққанын жазды. Олар салған әлем картасында Қазақстан қып-қызыл боп, оттай жанып тұр... Иә, олар білгендей өрттей қызартқан екен - кеше астанамыз мерекелік отшашудан қып-қызыл болып жанып тұрды!.. Жаназадан даңғаза күшті болды! Елге той жасама дейміз тағы да...

Елордадағы отшашу жоқтау айтып жатқан елдің ең соңғы үмітін де өртеп жіберді», - деп жазыпты facebook парақшасына Қазыбек Иса ағамыз. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары