$ 447.4  477.55  4.76

Жаңа туған сәбиін қоқысқа лақтырған Қостанай тұрғыны жазадан құтылып кетті

Сот оның екі кішкентай баласының бар екенін ескерген.
фото: tolqyn.kz
фото: tolqyn.kz

Қостанай соты 2019 жылдың соңында жаңа туған нәрестесін қоқыс контейнеріне тастаған әйелге үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Аlau.kz порталының мәліметінше, бастапқыда іс «Жаңа туған баланы анасының өлтіруі» бабы бойынша қаралған. Алайда, Қостанайдың №2 соты 27 жастағы әйелге «Баланы абайсызда өлтіріп алу» бабы бойынша үкім шығарды.

Сот барысында босанудың патологиялық екені анықталған. Босанған әйел сәбиді өлі туды деп ойлаған. Сондықтан іс қайта сараланды.

Қостанай қаласының тұрғынының 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығы шектеледі. Сот оның қарамағында екі кішкентай баласының болуын ескерген.

Еске салсақ, 2019 жылдың 23 қарашасында жаңа туған нәрестенің денесі Қостанайдағы қоқыс контейнерінен табылған. Дәрігерлер жаңа туған баланың қоқыс контейнерінде жатқанын, оның басында целлофан пакет болғанын мәлімдеді. Бала клиникалық өлім жағдайында болды. Дәрігерлер реанимация жасауға тырысқан, бірақ бұл нәтиже бермей сәби шетінеп кеткен. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары