$ 498.34  519.72  4.85

СҚО тұрғындарына тасқын судан қашудан басқа амал қалмады (ФОТО)

Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше елдімекені, соның ішінде Петропавл қаласының тұрғындары тасқын судың зардабын шегеді деп күтілуде. Жергілікті билік өкілдері эвакуациядан өзге қолдан келер шара жоқ екенін айтып отыр.

Облыс әкімі кеше өңірдің су алу қаупі бар деген елдімекендерін әуеден бақылап қайтты. Әсіресе, Есіл, Аққайың, Қызылжар аудандарындағы ауылдар мен шағын қалалар су астына кетуі әбден мүмкін. Арнасынан асқан Есіл өзенінің деңгейі күн сайын көтеріліп келеді. Осыған байланысты Ерік Сұлтанов құзырлы сала мамандарына бөгеттер орнатып, судың ағысын өзгерту үшін шұңқырлар қазуды бұйырды. 

Шал ақын ауданында орналасқан Сергеевка су торабы бүгінде платина деңгейінен 2 метрге дейін асып кеткен. Аталған су қоймасының арнасын бұзып шыққан тасқын су бүгінде Есіл ауданындағы Покровка елдімекенін шайып отыр. Ал, Қызылжар ауданындағы Новоникольск ауылына жеткен судың деңгейі 1 метрді құрайды. Қазіргі таңда Петропавл қаласының тұрғындары эвокуацияға дайындалуда. Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың айтуынша, қаладағы Заречный және Кожзавод шағынаудандары тасқыннан қашып құтыла алмайды.

Әкім қанша үйдің су астында қалатынын есептеп қойғанын, ол үйдің тұрғындарын мектептерге қоныстандыратынын мәлімдеді.

ФОТО: СҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары