$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО-да дағдарыс салдарынан жүздеген жұмысшы жалақы ала алмай жүр

Оңтүстік Қазақстан облысында 200-ден аса жұмыскер маңдай тер, табан ақысымен тапқан ақшасын ала алмай жүр. Еңбек инспекторларының сөзіне сенсек, жалақыдан борышкер 7 мекеменің берешегі 20 млн теңгеге жуықтайды деп жазады Otyrar.kz.

Жұмыскер еңбекақысын өтей алмай отырған үш мекеменің ісі сотта қаралып жатыр. Қалғандарына заңнама аясында тиісті төлемдерді толық өтеп бітуге мерзім берілген.

Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың мәліметіне қарағанда, биыл жалақы қарызының көрсеткіші едәуір артқан. Айта кетейік, былтыр жыл бойына облыс бойынша мекемелердің жалақы қарызы 250 млн теңгеге жуықтаған болса, биыл бір тоқсанның өзінде еңбекақы берешегі бұл сомадан 8 млн теңгеге артық.

Жұмыс берушілер қызметкерлердің жалақысын төлей алмай отырғандарын қаржылық дағдарыспен байланыстырады. Тапсырыстың азаюы да жұмыс көлемінің кемуіне әсер етті дейді олар.

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметіне сенсек, бүгінде өңірде 5 кәсіпорын банкортқа ұшыраған. Олардың жалақы қарызы 19 млн теңгеге жеткен.

Айта кетейік, облыста жалақыны өндіру бойынша еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма мен облыстық сот актілерін орындау департаменті арасында мемороундум түзілген.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары