Әлеумет 19.07.2020 сағат 05:46

«Әкім жоғарыға «бәрі керемет, бәрін қатырдым» деп есеп берген, ал шындығында дәріханаларда дәрі жоқ!» - Айгүл Орынбек (ВИДЕО)

Шымкент қаласы Қаратау ауданында дизенфекция жасалмағанына екі ай болды! Есесіне тұрғындар өз қалтамыздан ақша жинап, арнайы дизенфекция жасайтын мамандарды шақырып, ауламызды тазаладық.
«Әкім жоғарыға «бәрі керемет, бәрін қатырдым» деп есеп берген, ал шындығында дәріханаларда дәрі жоқ!» - Айгүл Орынбек (ВИДЕО)
фото: oninfo.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Белгілі заңгер, Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің белсенді мүшесі Айгүл Орынбек Шымкенттік шенеуніктердің өтірігін әшкерелеп тағы бірнеше жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Заңгердің айтуынша, шенеуніктер жоғары жаққа «бәрін қатырып жатырмыз, бәрі жақсы» деп есеп бергенімен жағдайдың шынтуайтына келгенде мүлдем басқаша екенін айтады. Дәріханаларда дәрі жоқ, жұрт қарапайым парацетамол, аспирин мен аскорбин қышқылының өзін таппай сандалып жүр.

«Шымкент қала тұрғындарын әкімнің өтірігін ашуға шақырамын!
Кеше Шымкент қаласының біраз дәріханаларынан дәрі іздедім, сұраған ең керекті дәрілер жоқ!
Әкім жоғарыға «бәрі керемет, бәрін қатырдым» - деп есеп беріп жатқан шығар! Ал шындығында әлі де дәріханалар да дәрі жоқ! Сол себепті біз осылай видео түсіру арқылы, әкімнің өтірігін ашайық!

Дамыған өркениетті ел болу үшін, әрбіріміз үлес қосуымыз керек!

Әйтенов, көше де маска таратып хайп қумай, дәрілерді түгенде!»,  деп жазған өзінің фейсбуктегі парақшасында.  

Ал екінші жазбасында кеше бас сұққан дәріханаларына әлі дәрі түспегенін айтқан. 

«Президент екі апта берді бәрін реттеуге!

Реттелген ештеңе көргенім жоқ!

Есесіне Шымкент қаласының әкімі аула аралап, маскі таратып жүр!

Шымкент қаласы Қаратау ауданында дизенфекция жасалмағанына екі ай болды!

Есесіне тұрғындар өз қалтамыздан ақша жинап, арнайы дизенфекция жасайтын мамандарды шақырып, ауламызды тазаладық!

Мынау кеше түсірген дәріхана, сұраған дәрілер жоқ!

О Үкімет пен әкімдер сіздер үшін тағы не істей аламыз?», - деп атап өткен. 
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар