$ 498.34  519.72  4.85

«Беті қанап, формасы жыртылған»: желіде таяқ жеген полицейдің ВИДЕОсы пайда болды

Оқиға Түркістан облысына қарасты Шорнақ ауылында болған.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Ғаламтор бетінде әлдекімдерден таяқ жеп, жарақат алған полицей туралы видео болды. Бейнеден формасы жартылып, бет-ауызы қан болған тәртіп сақшысын адамдардың қоршап алып, әлденені қызу талқылап жатқанын байқауға болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кешікпей бұл бейнежазбаны белгілі заңгер Айгүл Орынбек өзіңің facebook бетіндегі жеке парақшасында бөлісіп, шағын пост жариялады. Бірақ онда да ашық ештеңе айтылмаған.

«Түркістан облысы, Шорнақ ауылында болған деп отыр! Видео «Той думан» парақшасынан алынды. Түркістан полиция департаменті шұғыл ақпарат берулеріңізді сұраймын! Полиция қызметкерлеріне қол көтеру, онымен қоса қаншама арыз жазылса да, азаматтардың шағымы ның қаралмауы, үйде жатқан адамдарды келіп ұруы - бұл енді шектен шығу! Заң жүрмей, жемқорлық жайлаған өңірде қылмыскерлер осылай тайраңдайды!», - деп жазған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары