$ 446.49  475.38  4.79

«Атырауда сұмдық экологиялық апокалипсис болып жатыр» - экологтар Тоқаевтан көмек сұрай бастады

Атырау облысы тұрғындары арасында ұйқы кезінде жүректің тоқтауы жиі кездеседі. Көптеген жастар оянбай қалып жатыр. Біз, Атырау қаласының «мәңгілік ұйқыға» кеткенін қаламаймыз!
фото: informburo.kz
фото: informburo.kz

Атыраулық эколог әрі қоғам белсендісі Арман Хайруллин облыс аумағында сұмдық экологиялық апокалипсис болып жатқанын айтып Президенттің атына үндеу жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, 1990 жылдан осы күнге дейін ауаға 4 миллион тонна уытты қалдық төгілген. Осылай деп атап өткен «эколог келер жылды «экология жылы» деп жариялауды ұсынған. Алдағы 2021 жыл «экология жылы» жарияласа екен. Себебі, 20 жылда бірде-бір экология жылы жарияланған жоқ», - деп атап өткен Арман Хайруллин.

Эколог өз үндеуінде Атырау облысының аса күрделі экологиялық жағдайға душар болып отырғанын жазған.

«Әр таң сайын атыраулықтар ұйқысынан мұнай өнімдерінің улы ащы иісінен басы ауырып, жүрегі айнып оянады. Тұрғындары арасында созылмалы дерттің асқынуы алаңдатпай қоймайтын өзекті мәселеге айналды. Облыстың кен орындарында көмірсутектерді өндіру, тазалау, өңдеу және тасымалдау процесі әсерінен атмосфералық ауа, жер асты және теңіз сулары, топырақ пен өсімдік, жан-жануар зардап шегіп, адамдардың денсаулығы нашарлауда.

Атмосфералық бассейнге тасталатын мұнайдың әрбір тоннасы 3,8-ден 5,3 кг-ға дейін шығарындыларды құрайды. 2020 жылдың өзінде қоршаған ортаға 200 мың тоннадан астам зиянды заттар (күкіртсутек, меркаптандар, азот және күкірт қосылыстары) тарайды деп күтілуде. Ал 90-шы жылдардың басынан бүгінге дейін жер қойнауынан өнім өндіруші компаниялар қоршаған ортаға 4 млн тоннадан астам зиянды заттарды тастаған. Осы уыттар топырақ пен суға таралып, ауаны ластап, адамдар мен жануарлардың ағзасына керіс әсерін тигізеді», - деп атап көрсеткен.

Сөзіне дәлел ретінде ғалымдардың есебін келтіреді.

«Академик М. Диаровтың зерттеулері бойынша 2001-2014 жылдар аралығында облыс халқының науқастану көрсеткіші 50-64 пайызды көрсеткен. Жаңа қорлар толығымен игерілсе аурушаңдық көрсеткіші 3 есеге дейін артады.

Өкінішке қарай, Атырау облысы тұрғындары арасында ұйқы кезінде жүректің тоқтауы жиі кездеседі. Көптеген жастар оянбай қалып жатыр. Біз, Атырау қаласының «мәңгілік ұйқыға» кеткенін қаламаймыз!», - делінген экологтың Тоқаевтың атына жолдаған үндеуінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары