$ 494.87  520.65  4.91

«Педофильдерді өртеп жіберу керек» - журналист

Жалпы бізде тек педофилдермен ғана емес, жемқорлармен де осылай күресу керек.
Фото: balashover.ru
Фото: balashover.ru

Журналист Салтанат Әшірбай facebook парақшасында Сәтбаев қоласында болған оқиғаларға қатысты пікірін білдіріп бір емес бірнеше жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Оның айтуынша, педофильдерге өлім жазасының өзі аздық етеді. Қылмысы дәләлденсе, өртеп жіберу керек.

«Педофилдерді азаптап өлтірсе де өте жеңіл жаза сияқты, өлім деген тіптен жеңіл. Ең ауыр зардапты шегетіндер олардан зорлық көрген құрбандары. Себебі, қорлау, арға қол сұғу - өмір бойғы психикалық травма. Онымен өмір сүру оңай емес. Суицидке әкеліп жататын фактордың бірі зорлау. Сол себепті педофильдерді өлтіріп, өртеп жіберу керек қылмысы дәлелденсе! Крематорий саламыз деп өткенде дабыл қағып еді. Осындай кезде қолдану керек. Педофильден дым қалмау керек. Аямау керек! 5 жасар бүлдіршіннің қалай отқа оранғанын сөзбен жазып жеткізе алмаймыз... Анасы қан жұтып отыр...», - деп жазған ол.

Журналистің айтуынша, еліміздегі заңның солқылдақтығынан мұндай азғындыққа барғандар лайықты жазасын алмайды әрі көбі көп отырмай түрмеден босап шығады. 

«Педофильдерге қатысты ақпаратты көзім шалса, ашып оқуға жүрексінем. Себебі, жүйкеме қатты әсер етеді. Бұл қорқу қайдан дейсіз бе? Кентауда бір шал мүгедек қызды зорлаған кезінде. Ол шалдың қызы бір мекемеде дәрігер болып істеген. Содан психодиспансердегі дәрігерлермен келісіп, педофил әкесін шизик деп справка алдырып, түрмеден алып қалды. Педофил қақпас қазір о дүниелік болып кетті. Бірақ менің көз алдымда мүгедек қыздың бейнесі кетпейді», - дейді журналист.

Сол секілді келесі бір жазбасында осындай солқылдақ жүйенің салдарынан халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімі қалмағанын айтады. Айтуынша, Сәтбаев халқын дүр көтеріп, көшеге алып шыққан да – осы жағдай.

«Сәтбаевтың халқы неге түнде биліктен педофилді сұрады? Неге өздері сол малғұнды өлтіріп, халық сотын ұйымдастырмақшы болды? Халық неге ашынды?

Мен жауап берейін. Халық билік пен полицей, сот, прокурорларға сенбейді. Біздің биліктің әрбір бұтағы жемқорлықа байланып, сыбайласып алғаны сонша, олардың абыройы қалмады. Сайттағы педофилдердің тізімін қарасаң, көп отырмай шығып кеткен. Олар қалай УДО-ға ілінеді? Олар бостандыққа шыққан соң ертең тағы да біреуді зорламайды деп біреу кепілдік бере ала ма? Жалпы бізде тек педофилдермен емес, жемқорлармен де күресу керек. 

Қоғамдағы азғындар ештемеден және ешкімнен қорықпайды. Себебі біледі ақшаң болса барлығын сатып алуға болады. Аузы қанап тұрған жараны тырмалай бердім, амал жоқ. Біздің жарамыз - жемқорлық, педофилизм, аморализм... Қосарыңыз болса, қосыңыз...», - деп жазған жазба авторы. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары