$ 494.87  520.65  4.91

«Жұрт ауаға шашылған хлордан ауырып жатыр» - заңгер

Ашық аула мен көшелерге бұл сұйықтықты шашуға болмайды. Қауіпті. Әсіресе тыныс жолдарында ақауы бар адамдар үшін өте қауіпті.
фото: facebook
фото: facebook

Соңғы кездері коронавирустың алдын алу мақсатында жасалып жатқан дезинфекция жұмыстарына қатысты алып-қашпа әңгімелер көбейіп кетті. Белгісіз дерек көздері дезинфекция деген желеумен ауаға құрамы белгісіз у шашып жатыр деген ақпарат  таратса, тағы бірі вирусқа қарсы осындай сұйықтықтарға өте көп мөлшерде хлор қосылатынын айтады. Оларға сенсек, жұрт пневмония емес, осы хлордан уланып жатуы да бек мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дезинфекциялық құралдардың құрамына күдік келтіріп отырғандардың бірі – белгілі заңгер Жангелді Сүлейменов. Оның айтуынша, жұрт пневмония емес, ауаға шашылған осы хлордан ауырып жатыр.

«Алматы және басқа да қалалардың көшелерін, подъездері мен аулаларын  Глюзамин және Акма хлор сұйықтықтарымен дезинфекциялап жатыр. Алайда бұл сұйықтықтарды тек жабық жерлерге ғана шашу керек. Ашық аула мен көшелерге бұл сұйықтықты мүлдем шашуға болмайды. Қауіпті. Әсіресе тыныс жолдарында ақауы бар адамдар үшін өте қауіпті. Мұндай удан адамдар тіпті өліп те кетуі де мүмкін. Мүмкін өліп те жатқан болар... Сол себепті, адам денаулығы үшін өте қауіпті саналатын мұндай сұйықтықтарды көшелер мен аулаларда шашуға қарсылық танытуымыз керек», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.  

Заңгер бұған дейін де осы мәселені көтеріп, әкімшілікке хат жазған. Бірақ ондағылар хлордың денсаулыққа яғни өкпеге еш зияны жоқ деп жауап қайтарған.

«Хлор мен Хлорка екі бөлек зат. Хлор дегеніміз өте қауіпті улы газ! Ал мұны тазалық үшін пайдалануға болмайды. Осыған дейін бұл туралы жазғаныма инфекционистер «хлордың өкпеге қаупі жоқ» деп қарсы шықты. Бұл жай ғана хлор емес, Глюзамин мен Акма хлордың қоспасы ғой. Тіптен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың өзі Глюзамин мен Акма хлордың зиянсыз екенін айтып отыр. Бұл ар алдында да, Құдай алдында да кешірілмес күнә Қайталап айтамын, Глюзамин және Акма хлор сұйықтықтарымен дезинфекция жұмыстарын жасауға болмайды», - деп атап өткен.

Осылай деп атап өткен ол дезинфекция мәселесіне қатысты құзырлы органдарға шағым түсіргенін айтады. Сүлейменов сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына да шағым хат дайындап жатқан көрінеді.

Оқи отырыңыздар: «Халықтың ақшасын жеп біттіңдер ме?»: Шымкентте дезинфекция деп құр су шашып жүргендердің ВИДЕОсы пайда болды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары