$ 494.87  520.65  4.91

«Көп әкім әлі де жағдайды тұрақтандыра алмай отыр» - саясаттанушы

Әсіресе, аймақтарда "коронавирус өршіп тұр".
фото: qazweek.kz
фото: qazweek.kz

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев карантин мерзімін тағы да екі аптаға созу керектігі жөнінде Үкімет басшысына тапсырма берген еді. Осы орайда, белгілі саясаттанушы Ерлан Саиров президенттің бұл бастамасын қолдап отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Саясаттанушының пайымдауынша, қазірдің өзінде көптеген әкім жағдайды әлі де тұрақтандыра алмаған.

"Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев карантин режимін тағы екі аптаға созу туралы тапсырма берді. Бұл - дұрыс шешім. Бізге тек ғана тәртіп пен рух керек. Осылай ғана вирусты жеңе аламыз. Біз босаңсымауымыз керек. Жағдай әлі де күрделі. Әсіресе, аймақтарда "коронавирус өршіп тұр". Шынын айту керек, көптеген әкімдер әлі де жағдайды тұрақтандыра алмай отыр. Сондықтан қазіргі кезде қатаң шешім қабылдауға мәжбүрміз. Барлық санитарлық талаптарды сақтауымы керек!", - деді ол, facebook парақшасында
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары