$ 494.87  520.65  4.91

«Бес млрд теңгеге салынған Шымкент ауруханасында оттегі құбыры жоқ» - Айгүл Орынбек (ВИДЕО)

Шымкент қаласында Асар мөлтек ауданында «АУА» жетпей қайтыс болған адам өлімдеріне кім жауап береді?
фото: 2gis.kz
фото: 2gis.kz

Жұрттың ауызынан жырып жүріп, қыруар қаржыға тұрғызылған Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасының шуы әлі басылар емес. Заңгер Айгүл Орынбектің жазуынша, емхана ішіндегі палаталарға оттегі жүргізілетін құбырлардың жоқтығынан ауыр жағдайда келіп түскен бір науқас ауа жетпей қайтыс болған. Бұл туралы өзінің facebook парақшасына жазған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Басшы дұрыс басқара алмаса, мың орынбасар ауыстырса да жағдай өзгермейді! 
«Шымкент қаласының екі әкім орынбасарларын орнынан босатыпты», - деп БАҚ шулап жатыр екен. Мың орынбасар ауысса да, басшы дұрыс болмаса бәрі бекер!

Шымкент қаласында Асар мөлтек ауданында «АУА» жетпей қайтыс болған адам өлімдеріне кім жауап береді? Әкім бәрін жұмыстан босатып, жауапкершіліктен құтылып кетеді ме?

Аурухана Республика бюджетінен салыныпты, қабылдап алушы Денсаулық министрі екен. Министр Біртанов келгенде, лента қиып, қасында мәз болып жүргенше айтпайды ма жоғарыға «аурухана талапқа сай емес, мына ауруханада тыныс беру құбыры» жоқ деп! Әкімдердің қателігі, бір-бірінің қателігін жасыру, одан қалса жоғарыдан тексеріп келетін шенеунік, министрлердің қылмысын жасырады. Соңында өздері қораға кіреді. Президент шындықты айтса, басын шауып алмайды. Ал біздің әкімдер креслосынан айрылып қалмасы үшін, «бәріне дайынбыз» - деп соңына дейін бас шұлғып отырады.

Халықтың ашу ызасын орынбасарларын ауыстыру арқылы басамыз деп ойласаңыздар, қателесесіздер! Бізде заң шынында бар болса, ауа жетпей өлген адамдар үшін қылмыстық жазаны күтемін!», - деп атап өткен. 

Естеріңізде болса, Айгүл ханым бұған дейін де 5 миллиардқа салынған ауруханасында реанимационный болмағандықтан анасын жатқыза алмай жүргенін және палаталарға оттегі жүргізілетін құбырлар да тартылмағанын керек болса, асхана мен қарапайым кір жуатын арнайы бөлменің өзі жоқ болып шыққанын айтып бірнеше рет жазба жариялаған болатын.  
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары