$ 444.32  473.33  4.76

«Мақтаарал ауданының тұрғындары өздеріне тиесілі көмекті әлі ала алмай отыр» - заңгер (ВИДЕО)

Тасқынға ұрынған аудандар мен ауыл тұрғындары арасында әлі күнге дейін берілуі тиіс 100 мың теңге көмекті алмағандар бар.
фото: ult.kz
фото: ult.kz

Белгілі заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өзінің Facebook парақшасында Түркістан облысы, Мақтарал ауданының тұрғындарының мәселесін көтеріп, тағы бір бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Заңгердің айтуынша, мамыр айының басында Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының жарылуынан болған су тасқынының зардабын халық әлі тартып отыр. Тасқынға ұрынған аудандар мен ауыл тұрғындары арасында әлі күнге дейін берілуі тиіс 100 мың теңге көмекті алмағандар бар.
«Халықтың шағымы тығдалмаған соң, олар бізді іздейді!
Мақтаарал аудан әкімдігі мәселемен емес, менімен күресіп кететіні жаман!
Президент әкімшілігінің назарына!

Халықтың шағымы:
100 мың теңгеден алмағандар бар. Оны әкімдік те растап отыр.
Халық нақты қай үй берілетінін білмейді, күнде «ертең бітеді» деген сөзге алаңдаушылық білдіріп, «қыста далада қалып кетпейміз бе» деп қорқып отыр
Халыққа нақты қай үй берілетінін анықтап, нақтыласа, диалог құруды үйренсе, халық мені шақырмас еді», - деп жазады бұл жолы. 

Заңгердің жазуынша, осындай көмекке қол жіткізе алмай жүрген тұрғындардың бірі өзінің көмегіне жүгінген.

«Бір біріне сілтейді, жауапкершіліктен қашады, ал халық сандалып жүреді.
Тығдалмаған сөз, араздыққа алып келеді.
Мына жігітті тауып алып, полицияға апарып, қорқытып, ұрып соғып кешірім сұратып видео түсірсе таң қалмаймын!

Себебі кеше көмек сұраған аналарды сұраққа алып жатыр екен!», - деп атап өткен ол дәлел ретінде Мақтаарал тұрғындарының бірінің шағымы көрсетілген бейнежазбаны қоса жариялаған. 

Еске сала кетейік, мамыр айының басында Өзбекстандағы Сардоба су қоймасы жарылып, салдарынан шекаралас орналасқан Түркістан облысының бірнеше ауданы мен ауылын су шайып кеткен болатын.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары