$ 494.87  520.65  4.91

Павлодар облысында түрмедегі сотталушылар йогамен айналысып жүр

Жұмыстың мұндай әдісі сотталушылардың күйзелісін төмендетіп қана қоймай, олардың дүниетанымын да өзгертеді.

Павлодар облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты АП-162/1 мекемесінде сотталушыларға йога жаттығулары өткізіле бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мекеменің тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімінің қызметкерлері осындай жаңа әдіс қолдануға шешім қабылдаған. Атап өтілгендей, бұл сабақтар сотталушыларды өзін-өзі ұстауға үйретуге бағытталған. Жан тыныштығын шыңдауға 7 сотталушы ниет білдірген. 

«Бүгін бірінші сабақ өткіздік. Алдымен енді үйреніп жүргендер үшін курс таңдап алдық. Жұмыстың мұндай әдісі сотталушылардың күйзелісін төмендетіп қана қоймай, олардың дүниетанымын да өзгертеді. Сотталушылардың озбыр мінезі біртіндеп төмендейді. Сондықтан жаттығуды одан ары жалғастырмақ ниеттеміз», - деді мекеме бастығының орынбасары Берік Рахымов. 

Ал мекеме психологы Бақытгүл Иманбалинованың айтуынша, йога жаттығулары эмоциялық көңіл-күйді нормаға түсіріп, сезімді теңгерімдеуге әрі денені босаңсытуға мүмкіндік береді.

«Сабақ барысында жаттығудың бірнеше түрі жүргізілді. Солардың бірі «стреске қарсы релаксация« деп аталады. Бұл жаттығудың басты мақсаты – жоғары психологиялық шиеленісті төмендету. Сотталушыларға әсіресе тыныс алу жаттығулары қатты ұнады», - деді ол. Павлодар облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінен мәлім еткендей, мұндай әдіс әлемнің көптеген елінде қолданылады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары