$ 494.87  520.65  4.91

«Көбелек синдромына» шалдыққан бүлдіршіндердің ата-анасы Тоқаевтан көмек сұрайды (ВИДЕО)

Бір баланың емі мен күтіміне айына шамамен, 700-800 мың теңге қажет

Денсаулық сақтау министрлігінің №666 бұйрығына өзгеріс енгізілген соң, «көбелек балалар» емделуге арналған тегін медициналық препараттардан айырылған.

Осыған дейін министрлік еліміздегі буллезды эпидермолиз, яғни «көбелек синдромына» шалдыққан балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп келген. Енді министрліктің бұйрығына сәйкес, жыл басынан бері медициналық препараттарды сатып алуға жергілікті әкімдіктер жауапты екен. Бірақ өңірлерде мұндай бұйрықтың барын ешкім білмейді. Ал, балаларға ауадай қажет препараттар дәріханаларда сатылмайды. Шетелден арнайы тапсырыспен алынады. Сәйкесінше, бағасы да өте қымбат. Бір баланың емі мен күтіміне айына шамамен, 700-800 мың теңге қажет.

Azattyq Rýhy тілшісі Көбелек синдромына шалдыққан бірнеше баланың ата-анасымен сөйлесіп, жанайқайын тыңдап қайтты. Ауруға шалдыққан балалардың терісі сыпырылып түсіп жатыр. Ата-аналарының айтуынша, жағдай күннен күнге ушығып барады. Сол себепті, олардың әке-шешесі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрауға мәжбүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары