Ақтауда жұмысшылардың 142 миллион теңге жалақысы өндіріліп алынды. Бұл туралы Бас Прокуратураның ресми сайты хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.
«Прокурорлық қадағалау актілерімен «АБТМ» ЖШС және «Ақтау электр желілері басқармасы» МКК-індегі 409 жұмысшысының бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, оларға 142 092 388 теңге көлеміндегі жалақы бойынша берешектері толықтай өндірілді», - делінген ақпаратта.
Азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берген кінәлі адамдар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 87-бабына сәйкес жауапқа тартылды.
Еңбек заңнамасы талаптарының бұзылу деректері бойынша Ақтау қаласы прокуратурасының сенім телефонына хабарласуға болады.