$ 494.87  520.65  4.91

«Сорақылық қой!»: қашықтан оқыту кезінде тағы да порнографиялық бейнежазба қосылды

Ең алғашқы рет анайы видеоларды жұма күні көрсеткен. Бүгін тағы бір рет қайталанып отыр. Кейбір балалар 11 жаста болса да балалардың қалай дүниеге келетінін білмейді ғой.
фото: ortalyq.kz
фото: ortalyq.kz

Қазақстанда мектеп оқушыларының қашықтан оқуы барысында тағы бір мәрте порнографиялық бейнежазба қосылды. Бұл жолы баласының сабағы кезінде балағат сөздер естіп, анайы видеоны байқап қалған алматылық әйел әлеуметтік желі арқылы шағымын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz.

Білім және ғылым министрлігіне үндеу жолдаған Татьяна Голубева есімді желі қолданушысының жазбасы "Дежурный по городу" Facebook парақшасында жарияланды. 

"Білім және ғылым министрлігі, санитарлық дәрігерлер мен қала әкімдігіне үндеу жасаймын. Балам бесінші сыныпты қашықтан оқып жүр. Бейсенбі күні біздің оқушылар Zoom арқылы өтіп жатқан сабақ кезде жаман сөздер кездесетін ән тыңдап, балағат сөздер естіген. Ал бүгін порнографиялық видео қосып жіберді. Ата-аналар бұл жағдайды біліп, жағамызды ұстап отырмыз. Бұл кәмелетке толмаған балаларды азғындау ғой! Бұған кім жауап береді? Біздің балаларға Қазақстанның Конституциясына сәйкес мектепте білім алуға рұқсат етіңіздер!" - деп жазыпты алматылық әйел.

Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында Татьяна Голубева ата-аналар өз балаларын қашықтан оқытуға тыйым салу туралы ойластырып отырғанын жеткізіпті. 

"Ең алғашқы рет анайы видеоларды жұма күні көрсеткен. Бүгін тағы бір рет қайталанып отыр. Кейбір балалар 11 жаста болса да балалардың қалай дүниеге келетінін білмейді ғой. Мұны көрген олардың психологиясына қалай әсер еткенін айтсаңыздаршы! Бірінші рет көрсетілгеннен кейін мен өзімнің балама барлығын бастан аяқ түсіндіруіме тура келді. Бірақ болған жайт барып тұрған сорақылық қой! Бұл платформа оқуға мүлдем арналмаған", - дейді әйел. 

Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтанда қашықтан оқыту кезінде порнография қосылып кеткені жайлы айтылған болатын. Өз кезегінде елордалық білім басқармасы мұны кім істегінін анықтау үшін полицейлерге арызданған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары