$ 439.43  473.31  4.82

Ұйғыр аудандық сотының судьясы парамен ұсталды

Судья Сүлейменов мамыр мен тамыз айларының аралығында қылмыстық іс бойынша ақтау үкімін шығарып, кейін үкімді апелляциялық сатыда күшінде қалдыру үшін сотталушыдан 100 мың доллар пара алған.
фото: zhasalash.kz
фото: zhasalash.kz

Кеше кешкі сағат тоғыз жарым шамасында Алматы облысы Ұйғыр аудандық сотының судьясы Сүлейменов парамен ұсталды. Судья «үш айда 100 мың доллар көлемінде пара алған» деген күдікке ілінді.

Тұрақты оқырманымыздың дерегіне қарағанда, судья Сүлейменовті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті қызметкерлері Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік қызметімен және ҰҚК-нің Алматы облысы бойынша департаментімен бірлесіп ұстаған, деп хабарлайды nege.kz ақпарат порталы.

Пара алу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 4-бөлігі (бірнеше рет пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелген.

Іс материалдарына қарағанда, судья Сүлейменов мамыр мен тамыз айларының аралығында қылмыстық іс бойынша ақтау үкімін шығарып, кейін үкімді апелляциялық сатыда күшінде қалдыру үшін сотталушыдан 100 мың доллар пара алған.

Биыл мамыр айында сотталушыны Ұйғыр аудандық соты ақтап шыққан. Алайда 3 қыркүйекте Алматы облыстық соты Ұйғыр аудандық сотының шешімін бұзып, айыпталушыны «пара алу» бабы бойынша 3,5 жылға бас бостандығынан айырған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары