$ 494.87  520.65  4.91

Қайынағасы махаббат сезімін білдіріп жүрген жас келіншек жан сырымен бөлісті

"Енем "менің бір баламның басын айналдырғаның жетпей ме, екіншісінде шаруаң болмасын", - дейді. Мен қайынағама ешқандай үміт бермегенмін. Күйеуіме айтайын ба, әлде қажет емес пе?
Фото: ашық дерек көзі
Фото: ашық дерек көзі

Қайынағасы махабат сезімін білдіріп жүрген әйел сырымен бөлісті. 23 жастағвы әйелдің бір жасар қызы бар деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Күйеуім екеуміз бір-бірімізді қатты жақсы көреміз деген келіншектің оқиғасы Instagram-дағы ushbu_hat парақшасында жарияланды.

"Менің проблемам қайынағам. Ол үйленбеген. Мен бұл үйге келгенде маған өте жақсы қарайтын, енем тиісіп сөйлесе, мені қорғап қалатын. "Ол сөйлей береді, мән берме" деп күліп айтып отыратын. Аға ретінде қатты сыйлайтынмын. Енді қазір сезімін білдіріп жүр.

"Мені неге ұнатпайсың? Күйеуің сияқты кәсіпкер емес, жай вахтадағы жұмысшы болғандықтан ба?" дейді. Қасында болмауға тырысамын, бірақ тамақ істесем де, ыдыс жусам да қасыма келіп отырып, сөйлей береді",- деп жазды келіншек.

Жас келіншектің сөзінше, қайынағасы інісі үйге келгенде жақындамайды, себебі одан қорқады. "Енем "менің бір баламның басын айналдырғаның жетпей ме, екіншісінде шаруаң болмасын", - дейді. Мен қайынағама ешқандай үміт бермегенмін. Күйеуіме айтайын ба, әлде қажет емес пе?",- деп жазды ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары