Белгілі саясаттанушы Ерлан Саировтың "Цифрландыру" министрлінің жұмысына қарны қатты ашқан секілді. Мәселен ол, шалғайдағы ауылдардың көбі интернеттен жұрдай" деген пікірде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл жайлы сыни көзқарасын ол, Facebook парақшасында жазды. Кез келген қоғамдық мәселе туралы үнсіз қалмайтын саясаттанушының пайымдауынша, аталмыш сала басшыларының өтірігінен, тіпті, ел шатасып қалған көрінеді.
"Біз өзімізді-өзіміз алдаудан алдымызға жан салмайтын болдық. Неге өйтеміз? Білмеймін.
Еліміздің шалғайдағы ауылдарының басым көпшілігі интернеттен жұрдай. Міне, рас. Әкімдер де, министрлік те интернет "толып тұр", ауылдың "қағанағы қарқ" дейді. Көзбояушылықтың жоғарғы дәрежесі. Бүгінде әкімдердің, цифрландыру министрлігінің өтірігінен ел, халық, қоғам шатысып қалды. Жаңа министрде де ешқандай үн жоқ. Яғни, ол да өтірікпен келісіп отыр", - деп жазбасына елге белгілі кісілердің парақшасын белгілеп қойды.
Тағы оқи отырыңыз: Қазақстандық оқушылар интернетке қосыла алмай, дәретханада сабақ оқуға мәжбүр (ВИДЕО)
Қашықтан оқыту: Атырау облысының 25 елді мекенінде әлі интернет жоқ
Оның ойынша, ауылдарда интернет мәселесін шешу үшін нақты қадағалау керек.
"Бұл мәселені шешу үшін барша ауылдардың интернетке қосылғаны жөнінде қоғамдық аудит жасау керек. Олжас Ордабаев, Мұрат Әбенов, Мұрат Бақтиярұлы, Әлия Садырбаева осы мәселені бірігіп қарастырса, елге пайдасы өте көп болар еді. Қалай қарайсыздар? Қоғам өкілдері жүрген жерде ғана береке болады. Бұл - аксиома", - деді пікір иесі.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Бағдат Мусиннің «Халық саны 250-ден асатын ауылдар сапалы интернетпен қамтамасыз етіледі» деп айтқаны туралы хабарлағанбыз.