$ 494.87  520.65  4.91

«Әркімнің өзінше таңдауы бар...»: Ұлытауда 22 жастағы қазақ жігіт 5 балалы орыс әйелді жар етті (ФОТО)

Ирина қазақша жақсы сөйлейді. Балаларын бесікке салады. Балалары да қазақ тілін еркін меңгерген. Дидар өзінің бақытты екенін айтты.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Қарағанды облысының Ұлытау ауылында ерекше отбасы тұрады. Қазақ жігіті 22 жасында-ақ үлкен отбасына отағасы болды. Ирина Короленко мен Дидар Сәулетбекұлы 4 жыл бұрын отасқан. Қазір 5 балалы отбасы 8 балалы отбасыға айналды, деп хабарлайды Stan.kz, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Алғашқыда Дидардың ата-анасы маған қарсы болды. Дидар менімен тұрған соң бір айдан соң кетіп қалар деп ойлағам. Жоқ, олай болмады. Үш айдан соң некеге тұрдық. Балаларым қарсы болмады. Бірінші қызым өмірге келгенде Дидардың ата-анасы маған жақсы қарай бастады. Өмірге екінші қызым, сосын ұлым Дамир келді. Қазір бәрі жақсы», - дейді Ирина.

Ирина қазақша жақсы сөйлейді. Балаларын бесікке салады. Балалары да қазақ тілін еркін меңгерген. Дидар өзінің бақытты екенін айтты.

«Иринаға үйленейік дедім. Ол балаларымен ақылдасты. Кейін некелестік. Ата-анам қарсы болған. Қазір бәрі дұрыс», - дейді ол.

Бірнеше жыл пәтер жалдап келген отбасы қазір үйлі болды. Жергілікті билік тарапынан көп балалы отбасына пәтер берілді. Ерлі-зайыптылардың өмірімен танысқан желі қолданушылары түрлі пікір жазып жатыр.

«Мен, шынымды айтсам, бұл жігітті түсініп отырған жоқпын. Не үшін өзінен үлкен, әрі балалы әйелге үйленді?», «Ертең құрдастарымен араласпайды, жастық шағы болмайды, не өмір?», «Әркімнің өзінше таңдауы бар. Бұл жігіт үлкен отбасыны жауапкершілікке алған. Рахмет айту керек», «Өмірінің соңына дейін бірге болсын. Бастысы, балаларын жылатып тастамаса болды», «Әйелдің бағы бар екен», - деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары