$ 447.4  477.55  4.76

Павлодар облысында 11 мыңнан астам адамда 14 мыңға жуық қару бар

«Қару» жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні тәртіп сақшылары 72 қару иесінің заң бұзғанын анықтады.
фото: mail.kz
фото: mail.kz

Павлодар облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазір өңірде «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Іс-шараның мақсаты – тіркелмеген қаруды сақтау және алып жүру, қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ұрлауға жол бермеу фактілерін анықтау, сондай-ақ, қаруды қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу.

«Мысалы, 17 қыркүйекте Май ауданының полицейлері ауыл тұрғындарынан тіркеу нөмірі жоқ POLICE маркалы шам түріндегі электрошокерді тәркіледі. Сол күні Ақсу қаласы тұрғынының «УАЗ» автокөлігін тексеру кезінде автокөлік салонында ІІО-да тіркелмеген «ОСА-1101» маркалы электрошокер түріндегі шам табылды. Аталған фактілер бойынша сараптама тағайындалды. Азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, полицейлер облыс аумағында тұратын 11 мыңнан астам қару иелерінің барлығын тексереді. Олардың пайдалануында 14 мыңға жуық қару бар.

«Көбінесе қару иелері қандай да бір себептермен заң алдында жауапкершіліктен жалтаруға мүмкіндік береді деп сеніп, қаруды тіркегісі келмейді. Тіркелген қарудың иелері атыс қаруын сақтау ережелерін сақтамайтын жағдайлар жиі кездеседі. Іс-шара кезеңінде біз осындай азаматтармен жұмыс жүргіземіз. Оларға жауапкершілік туралы ескертеміз. Сейфтердің болуын, рұқсат беру құжаттарының сәйкестігін тексереміз, – деп атап өтті облыстық ПД басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

«Қару» жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні тәртіп сақшылары 72 қару иесінің заң бұзғанын анықтады. 54 қару иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы бойынша, 18 қару иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы бойынша хаттамалар толтырылды.

«Қару иелерін тексеру кезінде азаматтық қаруды сақтау және тіркеу, қайта тіркеу ережесі сақталмаған. Енді оларға 10 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді. Азаматтық және қызметтік қаруды тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін немесе оны есепке қою тәртібін бұзғаны үшін 18 қару иесіне жаза қолданылады және 15 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді» - деді Жасқайрат Қайыров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары