$ 494.87  520.65  4.91

«Жеңгеме үйленсем деймін»: ағасының әйелімен ойнас болған жігіт сырымен бөлісті

Екеуінің түнде бөлмелеріне кіріп бара жатқанын көріп, мүлде жынданып кете жаздаймын. Төсекте қосылатындарын ойласам, тіпті есім кетеді.

25 жастағы есімі жасырын болып қалған жігіт өзінен үш жасқа кіші жеңгесімен көңіл жарастырыпты. Туған ағасының ту сыртынан кездесіп жүрген қос ғашық бірге бас қосуды аңсап жүр екен деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Сырласу" сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға авторының сөзінше, ол өзінен екі жасқа үлкен ағасының әйеліне көз тіккен. Айтуынша, ол тіпті, жеңгесін ағасынан қызғанып, өзін қоярға жер таппайтын.

"Жеңгем үйіміздің босағасын аттағалы бері ақыл-есімді жаулап алды. Оны күндіз түні ойлап тұрамын. Маған жымия қараса болды, елжірей кетемін. Жеңгемді ағамнан қызғанамын. Екеуінің түнде бөлмелеріне кіріп бара жатқанын көріп, мүлде жынданып кете жаздаймын. Төсекте қосылатындарын ойласам, тіпті есім кетеді. Сондай сәттері ағамның жоқ болып кеткенін қалап кетемін. Оның орнында болғым келеді", - дейді ол.

Көп ұзамай жас жігіт жеңгесінің көңілінің өзіне ауғанын аңғарыпты. Айтуынша, ғашығы оған көз салып, қос ғашық көп ұзамай көңілдес атанған.

"Уақыт өте келе жеңгемнің маған өзгеше қарайтынын байқадым. Ағам жоқта мені иығымнан, қолымнан ұстап, құшақтайтынды шығарды. Әрине, мен онысына қатты қуандым. Ойым бірден “ол мені ұнатып қалды” дегенге сайды.

Расымен көп ұзамай жеңешеммен оңашада қалып, бір-бірімізге деген сезімімізді ұялмастан ақтаратын болдық. Өмір деген расымен де қызық екен. Осыдан біраз уақыт бұрын сүйгенімнің жанында болуды армандайтынмын.

Екеуіміз қандай да бір сылтау тауып, үйдегілерден оңаша кездесуге тырысамыз. Ағам жеңгемді өзі маған табыстап қояды", - деп ақтарылды ол.

Ер азаматтың айтуынша, ол іс насырға шаппай тұрғанда жеңгесіне үйленіп алуды жоспарлап отыр екен.

"Оның ағамнан кетіп қалғанын қалаймын. Оған өзім үйленсем деймін. Барлық нәрсенің шегі бар ғой. Бір күні үйдегілерге ұсталып қалып, масқарамыз шыға ма деп тағы уайымдаймын", - деді жас жігіт.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары