$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында келіні қайын атасының ақшасын жымқырған

Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Ер адамның айтуынша, оның банктік карточкасынан белгісіз адам ақшасын заңсыз аударып алған.
Фото: Sputniknews.kz
Фото: Sputniknews.kz

Түркістан облысында қайын атасының ақшасын ұрлаған әйел ұятқа қалды.

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның банктік карточкасынан ақша аударып алды күдікпен әйелді ұстады. Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Ер адамның айтуынша, оның банктік карточкасынан белгісіз адам 40 мың теңгеге жуық ақшасын заңсыз аударып алған.

Қылмысты ашу мақсатында жедел тергеу тобы жұмыс істеді. Полиция қызметкерлері жәбірленушінің банктік карточкасынан ақша жымқырған өзінің келіні екенін анықтады. Тергеу барысында күдікті қайын атасының ақшасын ұялы телефондағы банк қосымшасы арқылы аударып алғаны белгілі болды. Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары