$ 494.87  520.65  4.91

Астанада мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сыныптар саны артылмақ

Елордада коррекциялық мектептердің, инклюзивті білім беру мекемелері, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеуге дайын қызметкерлердің жетіспеушілігін еңсеру мақсатында тұрақты жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Астанада тамыз айында ашылатын көзі нашар көретін балаларға арналған екінші психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеті, №63 орта мектептің жанындағы ДЦП диагнозы қойылған балаларға арналған арнайы сыныптар аталған мәселені шешуге ықпал етеді. Мұнымен қоса, 2015 жылы желтоқсанда 375 орындық жаңа коррекциялық -интернат пайдалануға берілмек, делінген хабарламада.

Астана қаласы Білім басқармасының инклюзивті білім беру әдіскері Гүлнәр Қамашеваның айтуынша, қазіргі кезде қалада 25 арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді.

― Бұл мекемелер мүмкіндігі шектеулі балаларға коррекциялық көмек көрсетеді. Қалада интеллектісі бұзылған балаларға арналған коррекциялық мектеп-интернатта 281 бала оқып жүр. №65 мектеп-гимназиясында есту қабілеті мен тірек-қимыл аппараты бұзылған 76, №18 орта мектепте нашар сөйлейтін 54, №10 мектеп-гимназиясында нашар көретін 185 бала білім алады. Сонымен қатар, 15 мектепте жұмыс істейтін арнайы коррекциялық сыныптар ақыл-есі нашар дамыған 717 адамды қамтып отыр. 2013-2014 оқу жылы 196 бала 47 мектепке инклюзивті білім алды, ― дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары