Әлеумет 12.10.2020 сағат 22:57

Балаларын асырай алмайтынын түсінген ана полициядан оларды алып кетуін сұрап отыр

5, 7, 9 жастағы және бір жастағы төрт баланың анасы.
Балаларын асырай алмайтынын түсінген ана полициядан оларды алып кетуін сұрап отыр
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Өскемен тұрғыны полицияға өтініш жазып, балаларын алып кетуді сұрады. Әйел күйеуі екеуі балаларын асырай алмайтынын алға тартып отыр, деп хабарлады өңірлік YK-news.kz сайты.

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, Үлбі полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне Өскемен қаласының тұрғыны келіп өтініш жасаған. Ол балаларын балалар үйіне өткізгісі келетінін айтып, көмек сұраған.

"Әйелдің өтінішіне кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор барды. Жас әйел жұмыс істемейді. 5, 7, 9 жастағы және бір жастағы төрт баланың анасы. Ол құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен балаларын балалар үйіне тіркеуге көмектесуді өтінді. Айтуынша, балаларды асырауға мүмкіндігі жоқ", - деп хабарлады полиция.

Әйел тұрақты табысы бар күйеуімен бірге тұрады. Биыл отбасы үш бөлмелі үй салып жатыр. Балалардың анасының жүйкесі сыр бергені және балалардың қиын жағдайға тап болғанына көз жеткізген соң инспектор қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінен рұқсат алып, түнде үш баланы Жаңа Бұқтырма кентіндегі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізді.

"Өскемендегі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында оларға орын табылмады. Ең кіші сәби облыс орталығындағы сәбилер үйіне орналастырылды", - деп атап өтті полиция.

Келесі күні отбасының туыстары өтініш жасап, балалар үйіне қайтарылды. Бірақ полиция қызметкерлері Өскемен қаласының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияға отбасылық жұпты жеткізді.

Ал кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор балалардың жағдайы мен олардың денсаулығын тұрақты тексеріп отыру үшін осы отбасыны ішкі істер органдарына есепке қою үшін комиссияға өтініш бермек.  

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар