$ 441.44  473.09  4.75

Дін жайлы сенімді ақпаратты қайдан алуға болады?

Дінге немесе діни ағымдардың мәселесіне қатысты сұрақтар туындаған болса аталған сайтқа кез-келген адам өтініш қалдырса болады не сайт әкімгеріне мессенджерлер арқылы шыға алады. Әкімгер сіз жолдаған барлық сауалды басқармаға жібереді.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Қыркүйек айының ортасында еліміздің ақпараттық кеңістігінде дін жайлы да хабарларға орын беретін танымдық портал оқырмандарының арасында «Діни мәліметтерді қайдан аласыз?» деген тақырыпта сауалнама жүргізген екен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның қорытындысы бойынша респонденттердің 35,48% мәліметтерді сайт пен әлеуметтік желілерден алатындығын көрсеткен. Аталған сауалнама сол ақпараттық порталдың әлеуметтік желідегі парақшасында да жүргізіліпті. Онда сауалнамаға 262 адам қатысып, оның 99-ы немесе 37,7 пайызы діни мәліметтерді тек ғаламтордан алатындығын айтқан. 

Сайт, әлеуметтік желіден жаңалық оқу бір жағынан заман ағысымен жүріп жатқан қалыпты үрдіс дегенімізбен, ғаламтордың ауқымы мен оның шексіз мүмкіндігін еске алсақ әрі ол діни мәлімет болған соң көкейге еріксіз екінші бір сауал оралады. Яғни ол діни сайттар қаншалықты сенімді? Мәселе осы жерден туындайды. Себебі, ғаламторда дін төңірегіндегі ақпараттарға сүзгі болмайтыны белгілі. 

Сондықтан біз бүгін діни мәлімет іздейтін оқырман сұранысы мен заманның талабын ескере келе, қандай ресми аккаунттар мен дереккөздерден сенімді діни мәлімет алуға болатындығына тоқталмақшымыз.  

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының бастамасымен діни мәселелерді шешуге қатысатын ресми аккаунттар мен сенімді дереккөздер туралы, сондай-ақ жеке кеңес алуға болатын Алматыдағы орындар көрсетілген тұтас интерактивті карта жайлы ақпарат бермекшіміз. Ондағы басты мақсат – деструктивті діни ұйым құрбандарына көмектесу және маңызды діни мәселелер бойынша пайдалы ақпараттың таралу аясын кеңейту.  
Егер сіз «гугл» іздеу жүйесіне Алматының интерактивті діни картасы деп жазар болсаңыз, сізге religionmap.kz ресурсы шыға келеді. Оны Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы әзірлеген. Онда сіз Алматы қаласындағы барлық мешіттер, шіркеулер мен синагогалардан бастап, рұқсат етілген әдебиеттерді тарататын дүкендерге дейінгі барлық діни мекемелер мен өзге де ғибадат орындарын мекен-жайымен таба аласыз. Сонымен қатар, мегаполистегі конфессиялар жайлы мәліметтер, олардың байланыс нөмірлері, білім беру мен деструктивті ұйымдармен күрес туралы пайдалы материалдар бар. Жаңа діндер мен діни қызметке қатысы бар ведомстволар жайлы да нақты мәлімет табуға болады. 

Мұның бәрі біздің елде қызметіне рұқсат етілген діндер, олардың құрылымы мен идеологиясы туралы шынайы ақпаратты таратуға бағытталған. 

Дінге немесе діни ағымдардың мәселесіне қатысты сұрақтар туындаған болса аталған сайтқа кез-келген адам өтініш қалдырса болады не сайт әкімгеріне мессенджерлер арқылы шыға алады. Әкімгер сіз жолдаған барлық сауалды басқармаға жібереді. 

Өзекті жаңалықтар, өмірлік маңызды тақырыптар және пайдалы мақалалар, ақпараттық роликтер мен пайдалы әдебиеттер – осының барлығын Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының ресми аккаунттарынан таба аласыз. 

Сонымен қатар, деструктивті ұйымдармен күрес бойынша ақпарат бар және онлайн режимінде басқарма өкіліне өзіңізді қызықтыратын сұрақ қойып, сенімді ақпарат алу мүмкіндігі жасалған. 

Басқарманың Instagram әлеуметтік желісіндегі din_almaty ресми аккаунтында дін саласындағы білікті сарапшылардан құралған ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен тұрақты түрде тікелей эфирлер өткізіліп келеді. Аталған парақшада ұлттық дәстүр, неке қию тәртібі, діни білім және діни экстремизм, мемлекеттің зайырлы құрылымы, ұлттық және діни дәстүрлердің ұштасуы, діни фанатизмнің қаупі, діни сауаттылық пен тәрбие мәселесі, тәкпіршілер кімдер және олар қайдан шыққан деген секілді өзекті  тақырыптарда эксперт мамандар сөйлейді. 

Ең бастысы, аталған ресми ресурстың бәрі дінге қызығушылығы оянған не дін ұстанып жүрген адамдарға сенімді ақпараттар ұсынып қана қоймай, оларды түрлі діни экстремистік ағымдардың қаупінен сақтануға жөн сілтейді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#дін