Әлеумет 13.11.2020 сағат 12:00

Желіде 2021 жылы көпбалалы аналардың жәрдемақасы қысқаратыны жайлы ақпарат тарады (ВИДЕО)

2021 жылы төрт баланы өмірге әкеліп, бағып-қағып жатқан әйелдер көпбалалы аналар санатына жатпайды! Әлеуметтік желіде дәл осы сарындағы әңгіме желдей есіп, қызу қызу талқылануда. Бұл шынымен рас ақпарат па, әлде құр қауесет пе?
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

2021 жылы төрт баланы өмірге әкеліп, бағып-қағып жатқан әйелдер көпбалалы аналар санатына жатпайды! Тіпті, олардың жәрдемақасы да қысқаратын болады. Әлеуметтік желіде дәл осы сарындағы әңгіме желдей есіп, қызу қызу талқылануда. Бұл шынымен рас ақпарат па, әлде құр қауесет пе? Жұртты екіұдай ойға қалдырып қойған бұл жағдайға қатысты Еңбек министрлігі уәж айтты, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Бұл күнде әлеуметтік желіде 4 балалы аналардың жәрдемақысы қысқартылып, тіпті 2021 жылы олар "көпбалалы аналар" санатына кірмейді деген алыпқашпа әңгімелер тарауда. Ондағы жазбаларға үңілсек, алдағы жылы 4-ші перзентін босанатын әйелдер, әлгі көмекке ілінбейді екен.

Айнұр Ысқақова, көпбалалы ана:

Көбалалы санатын алып тастай берген дұрыс. Қазір әр балаға 11500 теңгеден беріп жатыр. Баласы бар аналар 44000 алып жатыр айына. Мысалы, ол баланың тамағы бар, киім-кешегі бар. Демеу болады деп ойлаймын! Қазіргі уақытта азық-түлік те қымбаттап жатыр.

Мәселенің жай-жапсарын білмек болып Еңбек министрлігіне хат жолдадық. Құзырлы органдағылар мұның әншейін қауесет екенні, шындыққа еш жанаспайтынын хабарлады.
Төрт балалы аналардың жәрдемақысын қысқарту, оларды көпбалалылар санатынан алып тастау мәселесі мүлдем қаралып жатқан жоқ екен.

Асқар Ниязов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаменті директорының орынбасары:

"Ресми ақпарттарға ғана сүйенуді, соған сенуді соған сүйене отырып, ақпарттарды, жалған ақпарат тартпауға шақырам азматтарды. Бұл бағытта менің айтарым: ол көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі, ол 2000 жылдың басынан келе жатқан жүйе. Оны алып тастау қаралған жоқ. Оны керісінше, өздеріңіз білесіздер оны биылғы жылдан бастап біз отбасының құрамындағы бала санына қарай әлеуметтік төлем жүйесін диффренциалды түрде тағайындауды жүзеге асырдық".

Министрліктің мәліметінше, елімізде көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақыны 400 мыңға жуық отбасы алды. Ал 1 шілдеден бастап көпбалалы отбасылар мөлшері өзгертілген жәрдемақыға қол жеткізіпті. Атап айтқанда...

Асқар Ниязов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаменті директорының орынбасары:

"Өткен жылдардан, мысалы айтсақ, отбасыларға жалпы төленетін ақшаның көлемі 10500 тенгені құрап отырды. Ал, қазіргі таңда 4 баласы бар отбасыға 44500 теңгенің көлемінде. 5 баласы болса, 55 мың теңгенің көлемінде. Яғни, әр бір бала қосылған сайын, 11 мың теңге көлемінде қосымша қосылып отырды. Бұл және де 5,6,7-ші баламен шектеліп қалып жатқан жоқ. Ол керісінше 8-ші баладан бастап, әр балаға 4 МРП-дан қосымша төлем төлеп отыру".

Айта кетейік, аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан көп, кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Мәселен қаңтар-қазан айында көпбалалы аналарға 191 миллиард теңгеге жуық жәрдемақымен тағайындалыпты.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар